Қазақстан тарихында алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы басталды. Дауыс беру еліміздің 17 облысында өтеді. Сайлау барысында 3 қала мен 42 аудан үшін әкім сайланады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
ОСК мәліметтері бойынша, сайлау науқаны кезінде жалпы 249 кандидат ұсынылды: 164:69-ы саяси партиялармен ұсынылды, 95-і өзін-өзі ұсыну арқылы қатысты.
Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров атап өткендей, әкімдерді сайлау – саяси реформалардың маңызды бөлігі болып табылады.