Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Баланың жағдайы бастапқыда өте ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды.
“Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір науқасты құтқару мүмкін болмады. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында болған 2012 жылы туған бала қайтыс болды”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде орталықтағы екі бала өздерін нашар сезініп, құсып, іштері өткен. Ұқсас белгілері бар тағы 10 бала 31 шілдеде ауруханаға жатқызылды. Содан кейін дәрігерлер бір баланы құтқара алмады.