Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Кәрім Мәсімовтің інісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Кәрім Мәсімовтің інісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

10.08.2023
Жаңа Қазақстан
11
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сот үкімімен Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды деп хабарлайды Kaskelen.kz

Оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович те  сотта айыптылар қатарында отыр.

Нұрлан Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичтің қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталды.

Нұрлан Мәсімовке аса ірі көлемде пара алды, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.

“Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы, 189-бап 4-бөлігінің және 392-бабы 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын. Сондай-ақ екінші дәрежелі “Айбын” орденінен және полиция генерал-майоры арнаулы атағынан айырылсын”, – деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Айыптау қорытындысы бойынша, 2020 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болған Нұрлан Мәсімов өзіне арнап Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында екі қабатты коттедж салған, сондай-ақ оның отбасы тұрған Алматыдағы үйде монша мен демалыс бөлмесін жабдықтап, жертөле қабатын жөндеген.

Бұл жұмыстарды тағы бір сотталушы – кәсіпкер Евгений Евкович жүзеге асырған. Ол өз еңбегі үшін Павлодар полициясына арнап артехқұрылымды салу үшін мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуді көздеген.

Естеріңізге сала кетейік, прокурор бұған дейін Мәсімовке 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Прокурор Павлодар полициясы бастығының бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды, кәсіпкер Евгений Евковичтің автокөлігін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Гүл дүкенінде жанжал шығарған прокурордың ұлы ма? Бас прокуратура жауап берді (видео)

Гүл дүкенінде жанжал шығарған прокурордың ұлы ма? Бас прокуратура жауап берді (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz