Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Кегендегі қымызмұрындықтағы келеңсіздік: әкімдік не деп ақталды?

Кегендегі қымызмұрындықтағы келеңсіздік: әкімдік не деп ақталды?

04.08.2023
Жаңа Қазақстан
47
👁️
WhatsappTelegramFacebook

28 шілде күні Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен болатын. Іс-шара барысында ұсталар әкімдік қкілдерінің көлік ішінде ішімдік далада екі сағат күттіргенін айтқан еді, деп хабарлады Kaskelen.kz

Әлеуметтік желіде Мақпал Шадан есімді қолданушы жағдайды баяндап, видеосын жариялаған. Оның айтуынша, «Қымыз фестиваліне» арнайы қонақ ретінде ұста Махмұд Құлментегі мен әлеуметтік желіде жастарға ұсталық өнердің қыр-сырын көрсетіп жүрген оның ұлы, жас темірші-ұста Бейбарыс қаладан барлық құрал-саймандарын көтеріп келген.

«Мыңжылқының жайлауына жұпыны киіз үй (шын мәнінде темір) тігіп, ешқандай төсек-орынсыз тастап кеткен. Сөйтіп, қонақтар Кеген ауылындағы Нұрболат Тастанқұлов ағамыздың үйіне келіп түнепті. Ертесі көрмесін фестивалге келген қонақтарға көрсетіп, барлық заттарын жинап қайтпақ болғанда қызық басталған секілді. Алматыдан алып келген «Еңбек» мобилді тобының көлігін ішінде гуілдетіп отырған топ босатқысы келмеген. Көліктің босағанын күтіп тұрғандардың ішінде әнші Сұлушаш Нұрмағанбетова да болған. Видеоға жақсылап қарасаңыздар «гуілдетіп» отырған топқа адамдарды жібермей жүрген кісі Кеген аудандық мәслихатының депутаты», – дейді желі қолданушысы.

Алматы облысының әкімдігі дау тудырған ұсталар шағымына қатысты жауап берді.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“28 шілде күні Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен болатын. Бағдарлама аясында сағат 11.00-ден 11.55-ке дейін ауыл шаруашылығы көрмесі қойылып, шеберлік сағаттары өткізілді. Сағат 12.00-де фестивальдің ресми ашылуы болды. Ал сағат 14.30-16.30 аралығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Алдын ала белгіленген бағдарламаға сай, Қымызмұрындық кешкі сағат 17.00-де аяқталуы тиіс еді. Алайда, ұсталар Махмұт Құлменов пен Бейбарыс Махмұтұлы көрмелерін сағат 14.30-да жинай бастады. Олар киіз үйдің бірінен түскі ас ішкен соң, ұйымдастырушылар сағат 15.30-ға дейін Алматы қаласына жүретін көлік тауып берген”, – дейді әкімдік өкілдері.

Кейінірек әлеуметтік желілерде Б. Махмұтұлы ұйымдастырушылардың көлік тауып бермей, көшеде 2 сағат такси күткендерін айтып шағымданған бейнеүндеуі тарады.

Аталған дерекке сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ішкі талдау жүргізді. Жауапты мамандардың қатысуымен Кеген ауданының әкімдігінде жиналыс өткізілді. Жиында аталған келеңсіз жағдай егжей-тегжей талқыланып, мамандарға бірқатар нұсқаулар берілді.

Өз тарапынан Алматы облысының әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Ұйымдастыру мәселелеріндегі олқылықтар үшін тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Тег: Алматы облысыкаскеленкзқызмұрындықшебер

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Дос-Мұқасанның” негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті

"Дос-Мұқасанның" негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz