Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп дәретханаларына бейнебақылау камераларын орнату туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.
Сенат отырысында оқу-ағарту министрі Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, қылмыс дәретханада болуы мүмкін деген ақпарат әлі де нақтылауды қажет етеді. Толығырақ тергеу аяқталған соң белгілі болады.
“Әрине, мектеп дәретханаларына камера орнату туралы бастамалар бар. Бірақ бұл мамандардың мұқият талқылауын талап етеді. Өйткені бұл әлі жеке өмір. Бір мәселе шешілгенімен, екіншісі мәселе шығуы мүмкін, бұл жеке өмірге қол сұғушылық болып табылады”, – деді Ғани Бейсембаев.
Министірдің айтуынша, 1-сынып оқушысының зорлану дерегі бойынша іс толығымен Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауында. Министрлік жергілікті билік органдарымен бірлесіп бала мен ата-анаға қажетті қолдау көрсетуде.