Елордада медицина факультетінің студентіне қатысты сот отырысы өтті. Ол бұған дейін егде жастағы науқастар мен ауыр диагноз қойылған балаларды қорлаған. Хосписте жұмыс істеп, науқастарды ұрып-соғып, олардың нәжісін жеп жатқанын видеоға түсірген, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Студент жұмыстан шығарылғаннан кейін балаларды оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар науқастарды азаптауды жалғастырған. Медицина факультетінің студенті өз кінәсін мойындады.
“Сіздердің беттеріңізге қарауға ұятым жібермейді. Өз кінәмді толығымен мойындаймын. Қатты өкінемін”, – деді сотталушы.
Жәбір көрген науқастардың жақындары студенттің бұл әрекетін түсінбейтіндерін жеткізді.
“Толып қалған жөргектерін жегізген. Боксшылардың қабымен мазақ қылып ұрған. Науқастарға ойына келгенін көрсетіп, мазақ еткен. Бірақ неге екені белгісіз оның бұл әрекетін ешкім көрмеген”, – деді науқастың анасы.
Енді студент “азаптау” бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.