Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сенат балаларға Ұлттық қордан жасалатын төлемдер туралы заңды мақұлдады

фото: ашық дереккөз

Сенат балаларға Ұлттық қордан жасалатын төлемдер туралы заңды мақұлдады

12.10.2023
Жаңа Қазақстан
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сенат депутаттары екі оқылымда балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат есептеу, оларды төлеу және пайдалану туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасын іске асыру қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді.

“Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының жас буыны кәмелетке толған кезде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе 18 жасқа толғаннан кейін жинақ есебінен білім алуға мүмкіндік беру арқылы қолдауға бағытталған. Заң Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақтау шоттарына, оларды кейіннен тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді”, – делінген Парламент Сенатының қорытындысы бойынша.

Қаражатты пайдалану кезінде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) саласындағы және тұрғын үй құрылысы жинақтары саласындағы заңнаманың немесе тұрғын үй сатып алу (үлестік құрылысқа қатысу) туралы шарттың талаптарын сақтау қажет болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға арнаулы жинақтау шоттарына жыл сайын 18 жасқа толғанға дейін нысаналы жинақтар есептелетін болады. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға есептелетін жыл сайынғы нысаналы жинақтардың саны олар он сегіз жасқа толғанға дейін қалған жылдар санына тең”, – делінген Сенаттың Қорытындысында.

2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Ұлттық қор – балаларға” атты жаңа бағдарламаның іске қосылатынын жариялады. Президент жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын балалардың кәмелетке толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аударуды ұсынды.

Тег: балаларсенатҰлттық қор

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Қонаевтағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей жанып кеткен

Қонаевтағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей жанып кеткен

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz