Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Терезеден лақтырып жіберген”: экс-полицей жүкті әйелін соққыға жығып, мүгедек қылды

“Терезеден лақтырып жіберген”: экс-полицей жүкті әйелін соққыға жығып, мүгедек қылды

21.11.2023
Жаңа Қазақстан
28
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері жүкті әйелін соққыға жыққаннан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен құлап, мүгедек болып қалды, деп жазады Egovpress Telegram-арнасы.

Аруна Аманова Ж. есімді ер адаммен 2019 жылы шаңырақ көтерген. Әйелдің айтуынша, бір айдан соң күйеуі оған қол көтере бастаған. Бірақ жағдай қайталанған сайын ол жылап, келіншегінен кешірім сұрауды әдетке айналдырған, ал Аруна отбасын сақтап қалу оны үшін кешірген.

“2021 жылы оның соққысынан кейін мен ауруханаға түстім. Сосын арыз жаздым, бірақ ол кешірім сұрап, артымнан жүгірді. Ал мен баламыз үшін кешірдім”, – дейді келіншек.

2022 жылдың 4 қарашасында Аруна жұмыстан үйіне оралып, төсекте демалып жатқан. Бір күн бұрын ол күйеуімен жанжалдасып қалған еді, себебі ол жұбайының көзіне шөп салғанына сезіктеніп жүрген.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Таңғы сағат үште күйеуімнің екі досы оны екі жағынан ұстап, үйге әкелді. 4 қарашада ол майор шенін алып, соны тойлады.Ол мас болғандықтан, есін білмеді. Олар оны диванға жатқызды, мен мүмкіндікті пайдаланып, оның расымен көзіме шөп салғанын көрсету үшін телефонын ақтардым. Хат-хабарларды тауып алдым да, оятып, телефонды көрсеттім. Ол мені балағаттап, қатты ашуланды. Мен қатты қорықтым. Ол мені қайта-қайта ұрды”, – деді жәбірленуші.

Ер адам жатын бөлмеге киім ауыстыруға кеткенде, Аруна асүйге тығылады.

“Мен қараңғыда тығылып отыр едім, ол мені тауып алып, қонақ бөлмеге шашымнан сүйреп кіргізді. Басымнан ұрып, тұншықтырды, есімді жоғалттым. Есімді жиғанымда, көшеде жерде жаттым. Ол досымен үстімнен қарап, “неге секірдің?” деді. Мен кімнің қайдан секіргенін түсінбей қалдым. Одан көмек сұрап, қиналып жаттым”, – деді әйел.

Арунаның қалай құлағаны есінде жоқ. Жәбірленушінің айтуынша, ол кейін жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне өзін құтқару үшін секіріп кеткенін айтқан. Алайда есіне ештеңе түсер емес.

“Мүмкін, олар мені қорқытып, мәжбүрлеген шығар. Құлағанға дейін және құлағаннан соң не болғанның бәрі есімде. Бір жыл өтті, бірақ қалай секіргенім әлі есімде жоқ”, – дейді ол.

Оқиға кезінде Аруна жүктілікің тоғызыншы аптасында болған. Терезеден құлағаннан кейін ол асфальтқа арқасымен құлап, омыртқасын сындырып алады. Қазір Аруна мүгедектер арбасына таңылған, жүре алмайды. Дәрігерлер келіншектің жүріп кететініне күмәнмен қарайды. Сондай-ақ Арунаның жата бергеннен денесі қажалып, денесінде жаралар пайда болған.

“Ауруханада жатқанымда анам қасымда болып, маған қарады. Осыны пайдаланып, ол іздер мен айғақтардан құтылу үшін пәтерді толығымен тазалаған. Ол мені ұрып-соққанда, мен қызыл халатпен едім. Бірақ ол халатты жыртып тастады, мен онсыз құладым. Сосын халат жоғалып кетті, ол оны лақтырып тастаған”, – дейді Аруна.

Сорақысы, үйдің ішінде тергеу жүргізілмеген. Іс бір айда қысқарғанын айтады. Жәбірленушінің айтуынша, үйдегі бейнебақылау камераларының жазбалары жоғалып кеткен.

Қызылорда облысының полиция департаменті бұл факті бойынша 2022 жылдың 4 қарашасында Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Қызылорда облысының полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы жәбірленуші тараптың уәждерін мұқият тексеріп, барлық тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындап, тергеу әрекеттерін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық дәлелдемелерінің болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулысының заңдылығы мен негізділігі Қызылорда облысының прокуратурасымен зерделеніп, бекітілді. Сонымен қатар сол кезде 2022 жылдың 18 қарашасында болған оқиғаға байланысты полиция қызметкері ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды”, – деп түсіндірді полиция департаменті.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ”: әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

"Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ": әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz