Бүгін президент үш шетелдік банкті тартуды тапсырды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
“Бізде базалық мөлшерлеме жоғары. Жаңа банк келсе де, ол елдегі базалық мөлшерлемеге, экономикадағы ақшаның құнына назар аударады. Шетелдік банк келіп, ресурстарды басқа мөлшерлемелер бойынша ұсынады деп күтудің қажеті жоқ. Ол – ойға қонымсыз нәрсе”, – деп жауап берді Әбілқасымова.