Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түркістандағы трагедия: ТЖМ қаза тапқандардың жасы туралы ақпарат таратты (Фото)

Фото: telegramqr_tjm

Түркістандағы трагедия: ТЖМ қаза тапқандардың жасы туралы ақпарат таратты (Фото)

22.08.2023
Жаңа Қазақстан
571
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды kaskelen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 21 тамызда сағат 17:40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 км жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кетті.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Бүгінгі таңда суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, демалыста 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда 9 адамның денесі табылған. Олар:

  • 1983 жылы туған әйел;
  • 2006 жылы туған қыз бала;
  • 2004 жылы туған бойжеткен;
  • 2019 жылы туған қыз бала;
  • 2015 жылы туған қыз бала;
  • 2017 жылы туған қыз бала;
  • 2006 жылы туған ұл бала;
  • 2009 жылы туған ұл бала;
  • 1998 жылы туған әйел.

Сондай-ақ 2011 жылы туған ұл бала мен 2013 жылы туған қыз бала іздестірілуде.

ТЖД-да жедел штаб құрылды, жедел желі жұмыс істейді (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстауда.

ТЖМ мәліметінше, іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 бірлік техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.

“Суда болған жағдайда қауіпсіздік шараларын қатан сақтау қажет. Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға тұсіңіздер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Мас күйінде суға түсіге тыйым салынады”, – деп ескертті ТЖМ.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Ақтауда алып сәби дүниеге келді

Ақтауда алып сәби дүниеге келді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz