Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

04.12.2023
Жаңа Қазақстан
244
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 300-ден астам жер телімінің иелері сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр. Өйткені, мемлекеттік органдар сату-сатып алу шартын заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпараттық агенттігі 31-арна жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Қарасай ауданындағы 21-ші квартал деп аталатын елді-мекен тұрғындары бұған дейін емен-жарқын өмір сүрген. Алайда ұзақ жылдар бойы тұрып келген жер телімдерін заңсыз деп тану бойынша сотқа түскен арызды естіген жайсыз хабар төбемізден жай түскендей әсер етті, дейді олар.

Жердің де, баспананың да мемлекеттік актілері бола тұра, жылжымайтын мүліктері неге бір сәтте заңсыз бола қалатынын анықтап беруді сұрайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Жер шаруашылығы министрлігінің арызымен прокуратура сотқа арыз берген. Мына договорлардың бәрін аннулировать деп. 19:46 Юстициядан бұл бірнеше рет өткен. Кадастрдан да бірнеше рет өткен. Сол заманда заңсыз деп табылмай, енді келіп бәлен уақыт өткеннен кейін үй салып, жер салып бүкіл коммуникацияны өзіміз жеке меншіктен жүргізіп болғаннан кейін заңсыз деп танымақшы бұл жерлерді”, – дейді Қарасай ауданының тұрғыны Самат Оспанов. 

Ақпаратқа сәйкес, Үлкен Алматы айналма жолының жанында орналасқан 21 квартал елді-мекенінің жерін 2004 жылы жеке адам мемлекеттен сатып алған екен. Ал 2005 жылы жер учаскесін нысаналы тағайындауын жеке тұрғын үй құрылысы үшін өзгерткен. Содан ұзақ жыл бос жатқан жерді 2016 жылдан бері 326 учаскеге бөліп көпке сата бастаған. Тіпті әуел баста мемлекетке төлеп сатып алған 14 миллион қаражатымның түбіртегі де сақтаулы. 

Мына жерде тұрған адамдардың әрқайсысына 6-8 соттық жерлерден өзім саттым. Себебі, мен мемлекетке ақысын төлеп заңды түрде алған болатынмын. Әуел баста толыққанды 30 гектар жер болған. Сол уақытта барлық жауапты органдардан қол қойғызып заңды түрде рәсімдедім, – дейді жеке тұлға Владимир Барышев.

Бүгін даулы мәселенің алғашқы сот дайындығы өтті. Жерін даулаған жұрт тайлы-тұяғы қалмай тегіс Қарасай ауданындағы сот залына жиналды. Бірақ талап беруші тараптан ешкім төбе көрсетпеді. Желтоқсанның төрті күні алғашқы сот отырысы басталмақ. Әзірге талап берушілердің нақты не үшін бұл жерді заңсыз деп азаматтық сотқа жүгінгені белгісіз.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz