Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары болып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
“Өз саласына сіңірген үлесін және денсаулығына келген зиянын ескере отырып, ондай жұмысшыларға зейнет жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем берілетін болады. Парламентті үкіметтің ұсынысын тездетіп қарауды сұраймын. Адамдар осы мәселенің шешімін күтіп отыр”, – деді Тоқаев бүгінгі жолдауда