Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

фото: pixabay.com

Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

19.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәжілістің жалпы отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі қаралды. ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев үш ірі ұлттық жобаның қорытындысын жария етті. Бұл — «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Қолжетімді интернет» бағдарламалары.

«Жайлы мектеп»: 254 мың оқушыға жаңа орын

Мәди Такиевтің айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 647 миллиард теңге бөлініп, аймақтарға толықтай аударылды. Нәтижесінде 105 жаңа мектеп салынып, 254 мың оқушы орны ашылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

«2025 жылы тағы 112 мектепті пайдалануға беру жоспарланған», – деді Қаржы министрі.

Жоба сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруды, оқушы орындарының тапшылығын жоюды және үш ауысымды оқытуды қысқартуды көздейді.

Ауылдағы медицина: 460 нысан пайдалануға берілді

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 91,3 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда 460 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге, 2025 жылдың соңына дейін тағы 195 нысан салынып, 32 көпсалалы аудандық аурухана жаңғыртылады.

«Медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша оң серпін байқалады. 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 17 пайызға төмендеді», – деді Мәди Такиев.

Бұл көрсеткіш шалғай ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін жақсартуға сеп болады.

Қолжетімді интернет: 5G таралу ауқымы кеңейіп келеді

Үшінші ұлттық жоба — «Қолжетімді интернет». Министр мәліметінше, бұл бастамаға 13 миллиард теңге жұмсалды.

«5G-мен республикалық маңызы бар қалалар 30 пайызға, облыстық маңызы бар қалалар 15 пайызға қамтылды», – деді министр.

Еске салайық, 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары 5G желісін дамытуға 450 млрд теңге инвестиция салмақ. Осы жобаның арқасында республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызы, ал облыс орталықтарының 60 пайызы 5G технологиясымен қамтылады деп жоспарланған.

Тег: 5GИнтернет

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz