Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

фото: pixabay.com

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

24.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2023 жылдан 2025 жылдың мамырына дейін Қазақстандағы төрт екінші деңгейлі банк мемлекеттен алған 409,6 млрд теңге көлеміндегі қолдау қаражатын мерзімінен бұрын ішінара қайтарды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қаржыны мерзімінен бұрын қайтарған банктердің қатарында:

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – жалпы 250 млрд теңге қайтарған. Оның ішінде 68,4 млрд теңге – 2023 жылы, ал 181,6 млрд теңге – 2024 жылы өтелген;

    Сізге ұнауы мүмкін

    Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

    Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

    10.07.2025
    Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

    Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

    10.07.2025
  • «Jusan Bank» АҚ – 2024 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нан бөлінген 100 млрд теңге субординациялық облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алды;

  • «Bank RBK» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ – жалпы 59,6 млрд теңге көлемінде қаржыны мерзімінен бұрын қайтарды. Оның ішінде Bank RBK – 29,6 млрд теңге, БЦК – 30 млрд теңге қайтарған.

Алайда қазіргі таңда бес банктің балансында мемлекеттен бөлінген 1,4 трлн теңге көлеміндегі қолдау қаржысы бар. Бұл қаражаттар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банктерді сауықтыру мақсатында берілген:

  • «Jusan Bank» АҚ (қазір — Alatau City Bank) — 1 000,2 млрд теңге

  • «Bank RBK» АҚ — 214,1 млрд теңге

  • «Еуразиялық банк» АҚ — 150 млрд теңге

  • «Nurbank» АҚ — 46,8 млрд теңге

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ — 30 млрд теңге

Айта кетейік, жақында ребрендингтен өткен Jusan Bank енді Alatau City Bank деп аталады. Алайда, банктің баспасөз қызметі атау өзгерісінің мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерге әсер етпейтінін хабарлады.

Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі «ҚР банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру» бағдарламасы аясында ұсынылған болатын. Бұған дейін Ұлттық Банк 2017–2020 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктерге шамамен 700 млрд теңге көлемінде субординацияланған облигация түрінде қолдау көрсеткенін мәлімдеген еді.

Мемлекетке қайтарылатын қаражат банктер мен мемлекет арасындағы келісімшарт шарттарына сәйкес өтеледі. Бірақ олардың толық өтеу кестесі туралы ақпаратты Қазақстанның орнықтылық қоры жария етпеді. Қор бұл мәліметтің ашық ақпарат санатына жатпайтынын айтып, сұрауға жауап беруден бас тартты.

 

Тег: банкқарыз

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz