Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Әлемнің қай қалалары ең жайлы?

фото: pixabay.com

Әлемнің қай қалалары ең жайлы?

10.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Данияның Әлеуметтік талдау орталығы қатарынан алтыншы жыл өмір сүруге ең қолайлы және бақытты қалалардың жаһандық рейтингін жариялап келеді. 2025 жылғы тізімге биыл алғаш рет Венгрияның екі бірдей қаласы еніп, аймақтық дамудың жаңа серпінін көрсетті.

Бақыт көрсеткіші 82 критерийге негізделеді

Рейтинг 82 түрлі көрсеткішке негізделген. Олардың қатарында азаматтық белсенділік, басқару сапасы, қоршаған орта, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі, экономикалық тұрақтылық және көлік инфрақұрылымы сияқты алты негізгі санат бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Копенгаген көш бастап тұр

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, Копенгаген биылғы рейтингте бірінші орыннан көрінді. Бұл қала жыл сайын бақытты тұрғындар саны, әлеуметтік қолдау деңгейі және экологиялық стандарттар бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болып келеді.

Венгрия қалалары рейтингке енді

Будапешт 700 ұпаймен 110-орынға тұрақтады. Бұл – Орталық және Шығыс Еуропадағы кейбір ірі қалаларды артта қалдырған нәтиже. Мәселен, Прага 153-орынға, София 155-орынға, ал Варшава 175-орынға ие болды.

Будапештпен бірге рейтингке Венгрияның тағы бір ірі қаласы – Дебрецен де енді. Ол 646 ұпай жинап, 145-орыннан көрінді. Халық саны бойынша елде екінші орында тұрған қала әлеуметтік әл-ауқат көрсеткіштері бойынша 160 ұпай, ал экологиялық көрсеткіштер бойынша 137 ұпай жинап, оң нәтиже көрсетті.

Үздік ондықты кімдер құрады?

2025 жылғы ең бақытты қалалар рейтингінде Солтүстік және Батыс Еуропа, сондай-ақ Азия елдерінің мегаполистері көш бастады. Үздік ондық төмендегідей:

  1. Копенгаген (Дания)

  2. Цюрих (Швейцария)

  3. Сингапур (Сингапур Республикасы)

  4. Орхус (Дания)

  5. Антверпен (Бельгия)

  6. Сеул (Оңтүстік Корея)

  7. Стокгольм (Швеция)

  8. Тайбэй (Тайвань, ҚХР)

  9. Мюнхен (Германия)

  10. Роттердам (Нидерланды)

Рейтингтің нәтижелері қалалардың әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігін және тұрғындардың өмір сапасын бағалаудың маңызды құралына айналып отыр. Копенгагеннің көш басында тұруы Данияның тұрақты даму мен азаматтық әл-ауқатты ұштастырған моделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тег: әлемҚаларейтинг

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Қандай кезде шетелдіктер қазақстандық баланы асырап ала алады?

Қандай кезде шетелдіктер қазақстандық баланы асырап ала алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz