Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандағы аттракциондар қаншалықты қауіпсіз?

фото: pixabay.com

Қазақстандағы аттракциондар қаншалықты қауіпсіз?

10.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жаз мезгілінің шуағында демалыс орындары мен сауда үйлерінде түрлі аттракциондар мен батуттарға сұраныс артады. Балалар мен ересектердің көңілін көтеруге арналған бұл ойын құрылғылары кейде күтпеген оқыс оқиғаларға себеп болуда.

Қауіпсіздік қандай талаптармен қамтамасыз етіледі?

Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысы Нұржан Сатыбалдиновтың айтуынша, аттракциондардың қауіпсіздігі арнайы техникалық регламентпен реттеледі. Бұл құжат — Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті.

— Мақсат — жазатайым оқиғалардың алдын алу. Бұл үшін жабдықтарды жобалау мен пайдалануда қауіпсіздік талаптары толық сақталуы қажет. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап ұлттық стандарт та бекітілген. Оған сәйкес, аттракциондарды пайдалануға берерде иесі жергілікті атқарушы органда тіркеуден өткізуге міндетті, — дейді Нұржан Сатыбалдинов.

Оның сөзінше, әрбір аттракцион техникалық куәландырудан өтуі тиіс. Әсіресе ұзақ уақыт тоқтап тұрған құрылғылар немесе қызмет мерзімі аяқталған аттракциондар сараптамадан өткізілуі керек. Бұл тек білікті, аккредиттелген сарапшылар арқылы жүзеге асады.

Сізге ұнауы мүмкін

Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

10.06.2025
Елімізде балалар лагеріне жолдама құны қанша?

Елімізде балалар лагеріне жолдама құны қанша?

10.06.2025

Орал қаласындағы жағдай

Орал қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қаладағы сауда үйлері мен демалыс саябақтарында 26 субъект аттракцион қызметін ұсынып отыр. Алайда олардың барлығы бірдей талапқа сай ма?

— Аттракциондар мен батуттар тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қауіпсіз болуы керек. Жуырда кәсіпкерлер техникалық куәландыруды жүргізетін аккредиттелген орталықтардың жоқтығын айтып, мәселе көтерді. Бұл туралы Ұлттық аккредиттеу орталығына хат жолданды. Қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер қызметкерлерін Ресейде оқытуға мәжбүр. Бұл, әрине, қымбатқа түседі, — дейді Сатыбалдинов.

Кәсіпкерлер не дейді?

«Джуманджи парк» аттракциондар паркінің директорының орынбасары Антон Ротштайн бұл проблеманың өзектілігін растайды. Оның айтуынша, қызметкерлерді оқыту орталықтарының болмауы — үлкен мәселе.

— Қазақстанда аттракцион қызметкерлерін оқытатын бірде-бір мекеме жоқ. Біз Ресейге жүгінеміз. Үш жылда бір рет онлайн оқып, сертификат алу — міндет. Бұл, әрине, шығынды көбейтеді, — дейді ол.

Тағы бір түйткіл — жаңа аттракциондарды сертификаттау. Антон Ротштайн Қазақстанда арнайы сынақ зертханасы жоқ екенін, сондықтан Ресейлік 5–6 компанияға жүгінуге тура келетінін айтады. Олар іс жүзінде монополистер болғандықтан, баға да жоғары.

— Бұл шығындардың орнын жабу үшін аттракцион иелері бағаны көтеруге мәжбүр. Сонымен қатар, Қазақстанның СТ 3359-2019 стандарты бойынша техникалық куәландыру тек отандық аккредиттелген орталықтар арқылы жүргізілуі тиіс. Бірақ ондай орталықтар тек Алматы мен Астанада ғана. Мамандарды ұшақпен әкеліп, қонақүйге орналастыру — тағы да шығын, — дейді ол.

Заңсыз орнатылған аттракциондар да бар

Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Оспанның айтуынша, қалада аттракцион орнатуға рұқсат берілген арнайы орындар бар. Алайда кейбір ойын құрылғылары заңсыз жұмыс істеп жатыр.

— Тұңғыш Президент алаңында орнатылған аттракцион заңсыз саналады. Қазіргі кезде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, полиция шара қолдануда, — дейді ол.

Ал қалалық мәдениет және демалыс саябағының басшысы Мейірбек Қажығалиевтің айтуынша, саябақ аумағында орнатылған аттракциондар тиісті келісімшартпен жұмыс істейді.

— Кәсіпкерлер қауіпсіздік техникасы мен өрт ережелерін сақтауға міндеттелген. Біз тұрақты түрде ескертулер таратып, бақылау жүргіземіз, — дейді ол.

Бұрын болған қайғылы оқиға

Естеріңізде болса, төрт жыл бұрын Оралдағы орталық саябақта бір әткеншектен сегіз бала құлап, жарақат алған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Содан бері қауіпсіздік талаптарына мән берілетіні айтылса да, түйткілдер шешілмеген күйінде қалуда.

Аттракцион мен батут — көңіл көтерудің құралы ғана емес, қауіптің де көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан мемлекет, кәсіпкерлер және ата-аналар бірігіп, қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қадағалауы тиіс. Бұл — ең алдымен балалардың амандығы үшін қажет.

 

Тег: аттракционтексеріс

Ұқсас материалдар

Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

10.06.2025

Мектеп — баланың екінші үйі болуы тиіс. Алайда соңғы жылдары білім беру ордаларында буллинг, яғни қорқыту мен мазақ ету жағдайлары...

Елімізде балалар лагеріне жолдама құны қанша?

Елімізде балалар лагеріне жолдама құны қанша?

10.06.2025

Жаз мезгілі басталысымен балалардың демалысын ұйымдастыру — ата-аналардың басты міндеттерінің біріне айналады. Биылғы маусымда еліміздегі мемлекеттік және жеке лагерьлерге жолдама...

Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін тарифтер қалай өзгереді?

Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін тарифтер қалай өзгереді?

10.06.2025

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сумен жабдықтау және су бұру тарифтерінің өзгеру себебін түсіндірді. Кәсіпорынның хабарлауынша, бағаның көтерілуіне бірнеше...

Оқушылар жазғы демалыста қайдан жұмыс таба алады?

Оқушылар жазғы демалыста қайдан жұмыс таба алады?

10.06.2025

20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің...

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz