Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда аниматордың қызметі қанша?

фото: pixabay.com

Қазақстанда аниматордың қызметі қанша?

17.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Балалар туған күні мен мерекелік кештерін қызықты өткізудің бір жолы — аниматор қызметіне жүгіну. Қазақстанның түрлі қалаларында аниматорлар түрлі кейіпкерлер мен ойын-сауық бағдарламаларын ұсынып отыр.

Қай кейіпкерді шақыруға болады?

Қазақстандағы аниматорлар балалар арасында танымал кейіпкерлерді таңдауға мүмкіндік береді. Кейіпкерлер тізімі үнемі жаңарып отырады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Мәселен, қазіргі кезде Хаги-Ваги, Маша мен аюды сирек кездестіреміз, есесіне Соник, Құтқарушы патруль, Үш мысық жиі ұшырасады. Тіпті Кальмар ойыны, Уэнсдей костюмі де бар.

Сонымен қатар, Гарри Поттер, Трансформер, Эльза сияқты кейіпкерлер сәннен қалмайтын таңдаулар қатарында. Ата-аналар кейіпкерді таңдағанда костюм сапасына мән беруі тиіс. Өйткені:

Кейде «Арзанның суы татымастың» кері келіп, кейіпкер костюмі көңіл қалдырып жатады.

Аниматорлар не ұсынады?

Аниматор қызметінің ауқымы кең. Ең көп таралғаны — бір аниматордың 50 минуттан 1,5 сағатқа дейінгі бағдарламасы. Қызметке бір емес, бірнеше аниматор шақыртсаңыз, кеш әсерлі өтеді, бірақ:

Ақысы екі есе қымбаттап, орта есеппен 5 000-10 000 теңгеге шығады.

Қосымша қызметтерге би, лазерлік шоу, көбікті кеш, аквагрим және арнайы сценарийлер жатады. Олар жеке ақы арқылы ұсынылады немесе кейде жалпы бағдарлама құрамына енеді.

Ең қымбат әрі көлемді қызмет — бірнеше кейіпкермен ұйымдастырылатын шоу бағдарлама. Бұл формат 3-4 сағатқа дейін жалғасып, арнайы дайындалған ойын алаңында өтеді. Мұндайда балалар ойыннан бөлек тамақтану аймағына да ие болады.

Қай қалада қызмет арзанырақ?

Қазақстанда аниматор қызметінің бағасы өңірге қарай қатты өзгереді. Ең арзаны мен ең қымбаты арасындағы айырмашылық — 150 000 теңгеге дейін.

Ең арзаны:

  • Тараз: 4 000 – 33 000 теңге

  • Петропавл, Көкшетау: 5 000 – 20 000 теңге

  • Қостанай, Қызылорда: 6 000 теңгеден басталады

  • Орал: 7 000 – 35 000 теңге

Орташа баға:

  • Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Семей, Алматы: 10 000 – 150 000 теңге

Қымбат өңірлер:

  • Павлодар, Ақтөбе, Астана: кем дегенде 15 000 теңге

    Павлодарда толық бағдарлама — 75 000 теңге, Астанада — 183 000 теңге

  • Өскемен: 16 000 теңгеден басталады

  • Ақтау: 20 000 – 80 000 теңге

  • Атырау: 25 000 – 45 000 теңге

  • Түркістан: ең төменгі баға — 26 000 теңге

Айта кетелік, еліміздің қалаларында бұл қызмет кең тарай қоймаған. Бәсекелестіктің аз болуы бағаға да әсер етеді.

 

Тег: аниматорбаға

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қарбыз бен қауынның бағасы: Қазақстанда қай қалада арзан, қайда қымбат?

Қарбыз бен қауынның бағасы: Қазақстанда қай қалада арзан, қайда қымбат?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz