Медеу ауданының полициясы 250 мың доллары бар сейфті тонаған Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
“1989 жылы туған азамат терезені бұзу арқылы біреудің жеке үйіне кіріп, ол жерден жасырын түрде үлкен ақша салынған сейфті ұрланған. Ұрлық кезінде үй иелері болмады, бірнеше күн бұрын олар демалысқа кеткен. Сейфте 250 мың доллар сақталған. Қылмыс жедел және арнайы іс-шараларды өткізу салдарынан анықталды. Күдікті ұсталды, кінәсін мойындады. Жәбірленушінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны көңнің арасына жасырды. Заттай дәлелдемелер алынып, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді”, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпараттардың таратылуына тыйым салынған.