Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын”: Тоқтар Серіков өнер жолын бастаған кезін еске ады

фото: ашық дереккөз

“Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын”: Тоқтар Серіков өнер жолын бастаған кезін еске ады

06.02.2024
Жаңалықтар
147
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Эстрада әншісі Тоқтар Серіков алғаш рет бет ашқан сәтін еске алды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “ХабарLike” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол бозбала шағында тойларда бет ашып, нәпақа тапқан көрінеді.

“Елге танымал адамдардың ішінде Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын. Мен көп беташар аштым. Біз Мейрамбек екеуміз қосылып, дуэт болып та аштық. Беташар нан табудың ең жақсы жолы еді ғой. Ол кезде той иелері беташардың ақшасын өзіне алмайтын. Бірде орыстілді жанұяның беташар тойына бардым. 12 адамның тізімін берді. Мен шыр-пыр болдым, аз ақша түсетін болды деп. Бірақ той соңында өте көп доллармен уыстап ақша ұстатты. Ол кезде студентпін. Бір бума ақшаны қайда жаратамын деп ойланып келгенім бар “, – деп күлді әнші.

Бұған қоса әнші елге танытқан “Көршінің қызы” әнінің шығу тарихын да айтып берді.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Көршінің қызы” – дуэтке жатпайды, негізі менің жеке орындауымдағы ән. Бұл әннің оқиғасы қызық. Ол әнді мен орындамауым керек болған. Автор Бекжан Әшірбеков: ”Тоқтар осы әнді орындашы” деп ең алғаш маған алып келген кезде ән ұнамады. Содан Ұлықпан маған “сен әннің дауысын жаз, әншілерге көрсетейік, біреу айтатын шығар” деді. Мен келістім. Содан мен студияның ішінде айтып жатқан кезде Бейбіт кіріп келді де, “ла-ла-ла” деп қосылды. Мен оны “кел, екеуміз бірге айтайықшы” деп шақырып алдым. Осылай аяқ асты болған дүние. Ертеңгісін таң атпай Ұлықпан аға қайтадан телефон соғып, “студияға, тез кел” деді. Бірдеңе болған екен деп, студияға жүгіріп келдім. “Мына әнді сен айтпасаң, болмайды” деді. Тыңдасам, әнді өңдеген кезде әдемі болып шығыпты. Содан айтсам, айтайыншы деп, бірден Бекжанға хабарластық, сол күні радиоға бердік. Ертеңгісі сол ән хит болды. Бейбіт “көршінің қызы” аталып кетті. Бірде Шымкенттен қайтып келе жатқанда жолдан тамақ ішейін деп тоқтадық. Кішкентай балалар мені танып қалып, Бейбітті нұсқап, “Көршінің қызы отыр қасында” дейді, – деп еске алды Тоқтар Серіков.

Тег: Айнұр ТұрсынбаевабеташарМейрамбек БесбаевТоқтар Серіковшоу бизнес

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Қаскелең қаласының пайда болу тарихы

Қаскелең қаласының пайда болу тарихы

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz