Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Активтерді қайтару мен банктер мәселесі бойынша қандай жаңа заңдар қабылданды?

фото: pixabay.com

Активтерді қайтару мен банктер мәселесі бойынша қандай жаңа заңдар қабылданды?

04.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
8
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа сессияда Парламент депутаттары қарайтын маңызды заң жобалары туралы мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Президент Жолдауда депутаттық корпустың белсенді жұмысын ерекше атап өтті. Бірқатар тапсырма тікелей депутаттарға арналды. Бұл Президенттің көптеген мәселелерде депутаттық корпусқа арқа сүйеп, сенім артатынын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының дұрыстығын әрі пәрменділігін дәлелдейді. Жолдауда айтылған көптеген мәселелер заңнамалық тұрғыдан қолдауды талап ететінін көріп отырмыз. Мәселен, қолданыстағы Банктер туралы заң 1995 жылы қабылданған. Бүгінгі күннің талаптарына толық сай келмейді. Сондықтан біз Банктер туралы жаңа заң қабылдауымыз керек. Сонымен қатар, алдымызда еліміздің салық жүйесін қайта електен өткізу міндеті тұр. Президент Салық кодексін қабылдау мерзімін келер жылға ұзартты. Бұл шешім асығыстық танытпай, кодексті мұқият қарауға мүмкіндік берді», – деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл тұрғыда ол кодексті сарапшылармен, мамандармен, кәсіпкерлермен бірге тағы да жан-жақты пысықтау керек екенін айтты. Салық кодексі экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың барлығына түсінікті болуы керек.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

«Осы кодекс бойынша алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оған барлық депутат, барлық фракция атсалысуы қажет. Бұдан басқа, біз Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы аясында жұмысты жалғастыратын боламыз. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қабылдау кезінде біз бұл мәселені талқыладық. Енді осы тақырыпқа қайта оралатын кез келді. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың оңтайлы саясатын заңнамалық деңгейде бекіту қажет болады. Осы сессияда біз активтерді қайтару бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған жұмысты жалғастырамыз. Қайтарылған қаражат та, активтер де Қазақстан халқының игілігіне жұмыс істеуі қажет. Ол үшін ел экономикасына қаражат салу – капиталға амнистия жасаудың міндетті шарты болуға тиіс. Бұл – Президенттің берік ұстанымы, біз оны нормативті түрде бекітуіміз керек. Жолдаудың басым бөлігі қоғамның нақты қажеттілігі мен сұраныстарына негізделгенін атап өткен жөн», – деді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ ол депутаттар жаз айларында өңірлерде халықпен кездескенін еске салды.

«Президент айтқан мәселелер жұршылықты толғандырып жүргенін білеміз. Соның ішінде соңғы жылдары жол апаттарының артуы, соның салдарынан адамдардың опат болуы, әскер қатарында жарғыға сай келмейтін заңсыздықтардың жиілеп кетуі халықты алаңдатып отыр. Заңнаманы қатаңдатқанымызға қарамастан, халық арасында есірткі тұтыну әлі де қиын мәселе болып қалуда. Сан түрлі өршіген алаяқтық әрекеттермен халық күн сайын дерлік ұшырасып жатыр. Осы мәселелерді шешуге депутаттық корпус – біз атсалысуымыз керек. Енді мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен заң мен құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Президент өз Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – өте маңызды қадам. Өйткені, елімізде инженерлер, құрылысшылар, биологтар, ветеринарлар, су саласы мамандары тапшы. Қазір бізге зауыт, жол, үй салатын кадрлар көбірек қажет. Сондықтан біз оларды заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесін де қарастыруымыз керек. Алдағы уақытта осы тақырыпқа арнап Үкімет сағатын өткізген жөн деп санаймын. Сонымен қатар, жұмыскерлердің осындай санатын жеке мемлекеттік наградамен марапаттау елеулі ынталандыру болмақ. Біз – депутаттар Президенттің бұл идеясын өз тарапымыздан заңнамалық деңгейде қолдайтын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу жұмысы да одан әрі жалғасатынын айтты. Сондай-ақ Мәжілісте жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі заң жобасы әзірленіп те қойды. Жақын арада жобаны талқылау басталады. Оған қоса, биылғы күзде депутаттар киберқауіпсіздік мәселелері бойынша заң жобасын және Цифрлық кодексін қарайды.

«Бүгінгі күні ең көп талқыланып жатқан мәселе – Атом электр стансасын салу мәселесі. Атом электр стансасын салу туралы шешім – серпінді жоба екені сөзсіз. Бұған оң халықаралық тәжірибе айқын дәлел бола алады. Бірақ аталған мәселені түпкілікті шешу үшін бүкіл қоғамның бірігуі қажет. 6 қазанда өтетін референдумда халық өз шешімін қабылдайды», – деді Мәжіліс төрағасы.

Тег: активбанкБасты жаңалықтарзаң

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Батыс Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Батыс Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz