ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында көлік тұрақтарын жаппай ақылы негізге ауыстыру жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Тілшілер саябақтар мен үй аумақтарында ақылы тұрақ орындары қаптағанын, тіпті сенбі мен жексенбі күндері де ақы алынатынын айтуда.
Бірақ министр тегін қызмет көрсетілмейтінін атап өтті. Қазақстандықтар бұл мәселеде тұтынушы рөлін атқарады және қызмет сапасыз көрсетілсе ғана шағымдана алады.
«Мұнда коммуналдық меншік кеңістігін ақылы негізде пайдалану туралы айтып отырмыз. Біз тұтынушыларға бәрі тегін болуы керек деп айта алмаймыз. Мәселе басқада – егер сізге тұтынушы ретінде ақылы автотұрақты пайдаланғанда зиян келтірілсе немесе сіздің көлігіңіз айыппұл тұрағына негізсіз жеткізілсе – тұтынушы ретінде жергілікті атқарушы орган қызметін ала алмағаныңыз», – деді А. Шаққалиев.
Еске сала кетейік, Сауда және интеграция министрінің елдің қысқы және жазғы уақытқа көшу мәселесі үш жылдан кейін ғана қаралатынын айтқан еді.