Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе не істеу керек?

фото: pixabay.com

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе не істеу керек?

06.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазір интернет-алаяқтардың өршіп тұрған кезі. Белгісіз адамдар қоңырау шалу арқылы несиелер рәсімдеу күнделікті жаңалықтардан шыға беретін болды. Соның кесірінен қаншама адам миллиондаған қарызға түсіп жатыр. Осындай айланың құрбаны болсаңыз не істеу керек, мына нұсқаулықтар бойынша әрекет етіңіз.

1. Несие алынған ұйымды анықтаңыз

Алдымен қай банк немесе ұйым сіздің атыңызға несие рәсімдегенін біліңіз. Бұл ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында ма — соны тексеріңіз. Мұны агенттіктің сайтындағы «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінен көруге болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

2. Полицияға жүгініңіз

Жақын жердегі құқық қорғау органдарына барып, ресми түрде шағым түсіріңіз. Қолтаңба сараптамасы жүргізіліп, құжаттағы қол сізге тиесілі емес екенін анықтауға көмектеседі.

3. Несие ұйымына өтініш жазу керек

Алаяқтар қарызды қай ұйымнан алғанын анықтап, сол жерге жазбаша өтініш беріңіз. Барлық білген ақпаратыңызды көрсетіп, ішкі тексеру жүргізуді талап етіңіз. Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркеу нөмірі мен өтініш қабылданған күнді өзіңізде қалатын көшірмеге жаздырып алыңыз.

4. Мына құжаттарды талап етіңіз

Кредиттік ұйым немесе банк сізге шарттың, қосымшалардың, жеке куәлік көшірмесінің және ақша аударылған шот туралы мәліметтердің көшірмесін беруі тиіс. Сонымен қатар, осы шартты рәсімдеген қызметкер туралы ақпаратты нақтылаңыз. Егер ұйым құжаттарды бермесе, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.

5. Банкомат немесе онлайн несие болса

Егер несие банкомат арқылы алынған болса, онда бейнебақылау камераларындағы жазбалар алушыны анықтауға көмектеседі.

Егер онлайн алынған болса, полиция IP-адрес арқылы кім екенін анықтай алады. Алаяқтар тек бейтаныс емес, кейде өз таныстарыңыз, достарыңыз немесе туыстарыңыз да болуы мүмкін. Сондықтан құжаттарыңызды және банк деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

6. Сотқа жүгіну

Егер кредит ұйымы бұл істің алаяқтық екенін мойындамаса, онда өз тұрғылықты жеріңіз бойынша сотқа барып, мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз бересіз.

Сот сіздің пайдаңызға шешім шығарса, кредит ұйымы:

  • Сізден қарыз өндіруді тоқтатады;
  • Берешекті есептен шығарады;
  • Кредиттік бюроға бұл ақпаратты сіздің кредит тарихыңыздан өшіру туралы хат жолдайды.

Кредит есебін қайдан алуға болады?

Кредит есебін мына жерлерден онлайн алуға болады:

— Кредит бюросынан
— Электронды үкімет порталы (eGov.kz) арқылы.

Жоғалған жеке куәлік арқылы алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдеп жіберуі мүмкін. Сондықтан кредит тарихыңызды бақылау — өз қауіпсіздігіңіз.

Несие есебін қаншалықты жиі тексеру керек?

Кемінде тоқсанына бір рет (3 айда 1 рет) тексеріп отырған жөн. Жылына 1 рет кредит есебін тегін алуға құқығыңыз бар.

Кредит алу кезінде банк не істейді?

Банк сіздің кредит есебіңізді тек рұқсатыңызбен ғана сұрата алады. Бірақ банк сізге кредит береді ме, жоқ па — бұл шешімді өзі қабылдайды. Кредиттік бюро бұл шешімге араласпайды.

Несие тарихы қанша уақыт сақталады?

Соңғы жаңартылған күннен бастап кредит тарихы кемінде 10 жыл сақталады.

Кредиттік есеп — құпия құжат. Бұл есеп тек сізге арналған. Үшінші адамдарға оны беруге немесе жариялауға болмайды.

Қаржы алаяқтарынан қалай сақтануға болады?

Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз

Бейтаныс адамдарға жеке куәлік, ЖСН немесе басқа да жеке деректеріңізді айтпаңыз. Құжаттарыңыздың көшірмесін әлеуметтік желі арқылы жібермеңіз, тіпті фото немесе сканерленген түрін де.

Банктік карта туралы ақпаратты құпия ұстаңыз

Карта нөмірі, жарамдылық мерзімі, екінші бетіндегі CVC/CVV-код сияқты деректерді ешкімге айтпаңыз. Бұл ақпаратты әлеуметтік желіде де жарияламаңыз.

Телефон қоңырауларына сақ болыңыз

Алаяқтар сіздің дауысыңызды жазып алуы мүмкін, сондықтан «иә» деп жауап бермей, абай болыңыз. Олар сіздің дауысыңызды пайдаланып, атыңызға несие рәсімдеуі мүмкін.

Тек қауіпсіз сайттарға ғана тіркеліңіз

Күмәнді сайттар мен парақшаларға сенбеңіз.
Егер сайт немесе әлеуметтік желідегі парақша сізге жалған сияқты көрінсе, сол ұйыммен тікелей хабарласып, нақтылаңыз.

Күдікті қоңырауларға жауап бермеңіз

Өзін банк немесе басқа ұйым қызметкері деп таныстырған бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Олар сұраған ақпаратты айтпаңыз, әңгімені дереу тоқтатыңыз.

Құжаттарға қол қоймас бұрын мұқият оқыңыз

Әрбір тармағын қарап шығыңыз, деректердің дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.

 

Тег: алаяқтаралаяқтықнесие

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі халықаралық рейтингінде нешінші орында?

Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі халықаралық рейтингінде нешінші орында?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz