Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Мен ештеңе сұраған да, білген де жоқпын”: Рымбаеваның ұлы барлық наградаларынан бас тартты (видео)

фото: ашық дереккөз

Әли Оқапов “Құрмет” орденінен бас тартпайтын болды

08.11.2023
Жаңалықтар
684
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева эстрада әншісі Әли Оқаповтың “Құрмет” орденінен бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Министр осы жағдайдан кейін әншімен жеке сөйлескен. Оның сөзінше, орденді қайтаруға болмайды.

“Бұл дұрыс емес. Әли Оқапов өнер адамы болғаннан кейін әлеуметтік желідегі хейтті эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Қазір барлық сұрақ бойынша сарапшылардың көбейгені таңғалдырады. Олар бәріне пікір білдіріп отырады. Бұлай жасауға болмайды. Әлидің өзі айтты: “Аида Ғалымқызы, шынымен де барлығы жан-жақтан талап, бұл – менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырғаннан кейін оған шыдай алмадым” деді. Сондықтан қазір барлығы дұрыс”, – деді мәдениет министрі мәжілістің кулуарында.

Журналистер “яғни “Құрмет” ордені әншіде қалады ғой?” деп сұрақты нақтылады.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Иә, өзінде қалады”, – деп жауап берді Балаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Әли Окапов жаңа марапатқа ие болғаны туралы жазған болатынбыз. Осыған орай бұрынғы мәжіліс депутаты, блогер Тәңірберген Бердіоңғаров мереке күні қарсаңында  “Құрмет” орденін алған Әли Оқаповқа сын айтқан еді.

Нәтижесінде Әли Оқапов көпшіліктің сөзінен кейін барлық марапатынан бас тартатынын мәлімдеген болатын.

Тег: Аида БалаеваӘли Оқаповқұрмет орденіТәңірберген Бердіоңғаров

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Актриса Гүлнәр Байбосынова Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғынға ұшырағанын айтты

Актриса Гүлнәр Байбосынова Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғынға ұшырағанын айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz