Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда “Айшуақ-Жантүгел” қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

фото: polisia.kz

Алматыда “Айшуақ-Жантүгел” қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

08.02.2024
Жаңалықтар
138
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 30-дан астам қылмыстық топ жетекшісі мен белсенді мүшесі ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Олардың криминалдық қызметі туралы дәлел жинау арқылы қылмыстық топ жетекшілері мен белсенді мүшелерін қоғамнан оқшаулау шаралары қабылданып жатыр.

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және мүше болу бойынша 15 факт анықталып, тіркелді. Мәселен, 7 ақпанда ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Алматы қаласында құрамында танымал “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының арқасында 14 адам ұсталды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, оған қоса басқа да суық қару тәркіленді.

Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық “қамқорлығын” көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларда өз ықпалын жүргізген.

“Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергей бастады”, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сол күні полиция Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау операциясын жүргізді. Жедел жұмыс нәтижесінде қала тұрғындарын қорқытып, күш көрсету арқылы бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитет топтың жолы кесілді.

“Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау фактісі бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне сай жарияланбайды”, – деді Қуандық Алпыс.

Тег: алматықылмыстық топполиция

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қайрат Сатылбалдының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатылбалдының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz