Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін қандай жаңа талаптар енгізілді?

фото: pixabay.com

Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін қандай жаңа талаптар енгізілді?

25.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі бекітілді, онда құрылыс жұмыстарын жүргізу, аумақты жинау және абаттандыру кезінде тазалық сақтау мен күтіп ұстаудың негізгі аспектілері көрсетілді. Құжатта жедел дамып келе жатқан қаланың жайы ескерілген, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Дәлірек айтқанда, пункттің бірі балалар мен спорт алаңын күтіп ұстауға қатысты. Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкеновтың сөзінше, алаңды тиісті техникалық жағдайда ұстау және қыс мезгілінде қардан үнемі тазалау бойынша талап енгізілген. Алаңдағы қоршаулар мен құрылыс жылына кемінде бір рет сырлануы керек.

«Балалар мен спорт алаңының иесі қауіпсіздікті және тұрақты түрде күтіп ұстауды қамтамасыз етуге тиіс. Қауіпсіздік мақсатында нысандарды транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысынан, өтпелерден, бұрылыс алаңдарынан, қонақ тұрақтарынан және қоқыс алаңдарынан оқшаулау қажет. Балалар алаңына кіреберісті жол мен көше жақтан ұйымдастыруға тыйым салынады», – деді Д.Әшкенов.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Ойын алаңдарын жаңарту кезінде жарақаттанбас үшін алаңның аумағында тамырлардың шығып тұрғанын немесе төмен бұтақтардың, ескі, кесілген жабдық қалдығының, сонымен қатар темір бөгеттердің болмауына мән беріледі. Іргелес аумақтарды реконструкциялау кезінде балалар алаңдары жұмыс жүргізіліп жатқан жер мен құрылыс материалдарын сақтау орындары оқшауланады.

Сондай-ақ автотұрақ аумақтары үшін жаңа нормалар енгізілуде. Өздеріңіз білетіндей, қалада автокөлікті қысқа және ұзақ мерзімге қою, көше бойында, «қалта» түріндегі жолдың жиегіне қою сынды автотұрақтың сан түрі бар.

Жалпы пайдаланымдағы жерлер мен аула аумағын жоспарлау кезінде көгалды автотұраққа айналдырмас үшін физикалық кедергілер орнату қажет. Бұдан бөлек, квартал мен аула ішіндегі жолға темірбетон блок, бағана, қоршау және басқа да құрылымды өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Үй маңындағы аумақта автомобильдердің тротуарда, балалар алаңында, көгалда және контейнерлік алаңда тоқтауына және қоюына рұқсат жоқ. Бұзылып, жүрмей тұрған көлікті қоюға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласы аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл іс-шаралар «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсатна сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Тег: автотұрақбалалар алаңызаң

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Елімізде қанша адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген?

Елімізде қанша адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz