Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда бойжеткенді кездесуге шақырған жігіт оны өлтіріп, ізін суытқан

Фото: Astana.tv

Алматыда бойжеткенді кездесуге шақырған жігіт оны өлтіріп, ізін суытқан

20.10.2023
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
216
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда жігітпен кездесуге барған қыздың денесі табылды. Қызды өлтірді деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпараттық порталы Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қыздың туыстары күдікті жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Туыстарының айтуынша, қыз кездесуге шақырған жігітті бұрын тек 1 рет көрген.

Туыстары Айнагүлдің кездесудің алдында қалдырған аудио жазбасымен бөлісті. Онда ол 1 сағат отырып, үйге қайтамын деп хабарлама қалдырған. Алайда, бұл жас қыздың соңғы хаты болды.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Кездесуге шақырған ер азамат кафеде қызға дөрекілік танытып, артынша оны күшпен сүйрелеп далаға алып шыққанын бірнеше куәгер көрген.

Қыз өз телефонынан полиция шақырған. Алайда шамамен 20 минуттан соң келген тәртіп сақшылары бойжеткеннің денесін тапқан.

“Камерадан көрсетіп тұр, кеудесінен итерген сіңілімді. Сіңілім құлаған, содан бұл жігіт қашып кетеді. Қашып кетеді де бір 20 минуттан кейін ба қайтып келеді де, телефонын тастап кетеді. Жаңағы телефонын алып кеткен ғой, неге ол телефонды алып кетті деп ойлаймыз. Өзінің ана дәлелін өшіру үшін алып кетті ма дейміз. Әйтпесе келіп жедел жәрдем шақыруға болар еді”, – дейді марқұмның әпкесі Бақыт Дүнгенова.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, қайғылы оқиғадан кейін күдіктінің жақындары марқұмның ата-анасының үйіне барып кешірім сұрамақ болған. Алайда қыздың туыстары күдіктінің қатаң жазалауын сұрайды.

Кешірім сұраудың орнына кеудесін керіп мы сюда пришли не оправдываться деп тұр. Жаназасын шығарып біткеннен кейін кешкісін келді, бір конверт ақша алып келді, ол ақша бізге керек емес, қанға балынған ақша біздің сіңілімізді қайтарып алып келмейді. Сол үшін сіздерге бір өтініш жігіт өз жазасын алсын, қолымен істегенін мойнымен көтерсін

Алматы қалалық полиция департаменті іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүріп жатқанын мәлімдеді.

“Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Осы қылмысты жасады деген күдікті 1991 жылы туған Т.есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Қылмыстық істің шеңберінде тергеу әрекеттері тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Сараптамалар тағайындалды”, – деді Алматы қалалық ПД ресм өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
“Қазақ тілі – “мамбеттердің тілі” деген бойжеткен көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)

"Қазақ тілі - "мамбеттердің тілі" деген бойжеткен көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz