Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қандай жәрдем түрлері бар?

фото: pixabay.com

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қандай жәрдем түрлері бар?

13.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Олардың ішінде – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), тұрғын үй көмегі, ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу, атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер бар.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар басқармасының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 14,8 мың адамға жалпы сомасы 1,6 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

– Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам сома, – деп хабарлады басқармадан.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылған, сондай-ақ көмектің жаңа түрі енгізілді. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.

 

 

Тег: алматыәлеуметтік көмек

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде фото және видео түсірілім бағасы қанша тұрады?

Елімізде фото және видео түсірілім бағасы қанша тұрады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz