Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда топырақ көшкіні жүріп төрт адам іздестірілуде: ТЖД сырғыма себебін айтты

фото: ТЖД

Алматыда топырақ көшкіні жүріп төрт адам іздестірілуде: ТЖД сырғыма себебін айтты

08.02.2024
Жаңалықтар
65
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда 8 ақпанға қараған түні Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты сырғыма түскен, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“Техногенді сипаттағы топырақтың батпақтануынан көлемі 3200 текше метр сырғыма түсті. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәлімдемесінде.

Оқиға орнында “Қазселденқорғау” ММ, Алматы қаласының “109 құтқару қызметі” ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

“Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастырады. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Сонымен қатар оқиға орнына Алматы әкімі Ерболат Досаев та барды. Төтенше жағдайға байланысты ол 8 ақпанға жоспарланған тұрғындармен кездесуін кейінге қалдырды. Ал құтқарушыларға іздеу жұмыстарын тоқтатпауды тапсырды.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Басты міндет – іздеу-құтқару жұмыстары. Осы үйде тұрған адамдарды іздеу бойынша мобилизациялық топтың барлығы тоқтаусыз жұмыс істеуі қажет”, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті cел көшкініне құбырдың бұзылуы мен топырақтың батпақтануы себеп болғанын мәлімдеді.

“Сел көшкініне суық су құбырының бұзылып, топырақтың батпақтануы себеп болды. Көшкіннің көлемі – 3200 текше метр. “Қазселденқорғау” ММ күштері мен құралдары, 109 құтқару қызметі, республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды”, – делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Тег: алматыБасты жаңалықтарсырғымаТЖДтопырақ көшкіні

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Алматыда “Айшуақ-Жантүгел” қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Алматыда “Айшуақ-Жантүгел” қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz