Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Астанада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады?

фото: pixabay.com

Астанада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады?

20.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бес жыл бұрын Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығы жоқ алғашқы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі zhilfond.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл мыңдаған қала тұрғынына бес жыл ішінде өз үйлеріне ақша жинауға мүмкіндік берді. Астана әкімдігінің мәліметінше, олар енді «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша пәтерін сатып ала алады.

2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға арналған бес жылдық жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысуға 17 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Осы уақыт ішінде оларға үш мыңнан астам пәтер берілді.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Жалдамалы пәтерді алғаш алғандардың қатарында Нұрлыбек Мұратов та бар. Жас маман ретінде 2020 жылы баспаналы болды. Келісімшарт аяқталмай жатып-ақ, бірнеше жылдың ішінде ол ипотека бойынша бастапқы жарнаға ақша жинап, жеке пәтерін сатып алды.

– Бұл бағдарлама жұмыс істейтін жастар үшін баспанаға қолжетімді болуымен өте ыңғайлы және тиімді. Ай сайынғы төлем – бір бөлмелі болса 10 000 дейін. Отағасы ретінде мен ешқандай ауыртпалық сезінген жоқпын, – деді ол.

«Елорда жастары» бағдарламасы аясында еңбек шарты жарамды жастарға, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау, полиция және т.б. салаларда жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтарға басымдық беріледі. Негізгі шарт – Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүліктің болмауы және тиісті табыс.

– Олар 18 миллионға дейін пәтер таба алады. Ал бастапқы төлем 10% – 1 миллион 800 мың, ол 19 жылға, 5 пайызбен беріледі. Менің ойымша, бұл өте тиімді. Сондай-ақ олар қайталама және бастапқы нарықтан да пәтер сатып ала алады, – деп атап өтті елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат.

 

Тег: Астанабаспанажастарпәтерүй

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Су құбырынан ішіп жүрген суымыз қауіпсіз бе?

Су құбырынан ішіп жүрген суымыз қауіпсіз бе?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz