Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

фото: pixabay.com

Балаңыз буллинг құрбаны болса не істеу керек?

10.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мектеп — баланың екінші үйі болуы тиіс. Алайда соңғы жылдары білім беру ордаларында буллинг, яғни қорқыту мен мазақ ету жағдайлары жиілеп кетті. Әсіресе ата-аналар үшін баласының қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайы бәрінен маңызды. Егер балаңыз буллингке тап болса, оны заң аясында қалай қорғауға болады? Бұл сұраққа заңгер Олжас Жұмабаев жауап берді.

Алдымен, буллингке тап болғанына көз жеткізіңіз

Бала көп жағдайда буллингке тап болғанын жасыруы мүмкін. Ұялу, қорқу немесе ата-анасын алаңдатқысы келмеу — мұндай әрекеттерге себеп болады. Егер балаңыз кенеттен тұйықталып, мектепке барудан бас тартса, ұйқысы бұзылып, достарынан алшақтаса, бұл — алаңдауға негіз бар деген сөз.

Ата-ана бұл кезде қысым көрсетпей, сабырмен сөйлесіп, шынайы себепті анықтауға тырысуы қажет.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Буллинг расталса, не істеу керек?

Жағдай расталған жағдайда ең бастысы — эмоцияға ермей, нақты әрекетке көшу.

“Баладан не, қашан, кім жасағанын сұрап, деректерді құжаттап алыңыз. Әлеуметтік желідегі жазбалар, мессенджерлердегі хабарламалар, фотосуреттер, мектептегі бейнебақылау жазбалары, қажет болса, дәрігерлік тексеріс нәтижелері маңызды дәлел бола алады”, — дейді заңгер Жұмабаев.

Келесі қадам — мектеп әкімшілігіне жүгіну

Заңгердің айтуынша, мектеп директорының атына ресми өтініш жазып, оқиғаны сипаттап, ішкі қызметтік тексеріс жүргізуді талап ету керек.

“Өтініштің қабылданғанын растайтын мөр қойылған көшірмесін өзіңізде сақтаңыз”, — деп нақтылайды маман.

Егер мектеп тарапынан еш әрекет болмаса, жергілікті білім бөліміне шағым түсіруге болады. Бұл жағдайда мектептің әрекетсіздігі бойынша тексеріс жүргізіледі.

Буллинг — қылмыстық сипат алуы мүмкін

Кейде мұндай оқиғалар “балалар арасындағы келіспеушілік” ретінде қарастырылып жатады. Алайда буллингтің кей түрлері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

“ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша бопсалау үшін 14 жастан бастап жауапкершілік қарастырылған, жазасы 15 жылға дейін. Сонымен қатар 131-бап (қорлау) және 109-бап (дене жарақатын келтіру) бойынша да жауапкершілік қарастырылған”, — дейді заңгер.

Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, полицияға ресми арыз беріңіз.

Прокуратура мен сотқа шағымдану

Мектеп те, білім бөлімі де, полиция да әрекет етпесе, прокуратураға жүгінуге болады. Бұл ретте барлық дәлелдерді жинап, заңгер көмегіне сүйену ұсынылады.

Сонымен қатар бала моральдық зардап шеккен болса, ар-намысын қорғау және моральдық өтемақы өндіру үшін азаматтық сотқа жүгінуге болады. Егер бұзақы кәмелетке толмаған болса, заң бойынша жауапкершілік ата-анасына жүктеледі.

Кибербуллинг: виртуалды қорқыту — нақты қауіп

Буллинг тек мектеп қабырғасында емес, интернетте де жиі кездеседі. Бұл — кибербуллинг. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде балаға бағытталған қорлау, беделін түсіретін видео немесе фотолар — барлығы шынайы психологиялық жарақат тудыруы мүмкін.

“Мұндайда скриншот жасап, жазбаның уақытын, сілтемесін сақтап, әлеуметтік желілерге шағым жіберуге болады. Қорлау фактісі үшін ҚК 131-бабына сәйкес 200 АЕК-ке дейін (шамамен 786 мың теңге) айыппұл қарастырылған”, — дейді заңгер Жұмабаев.

Баланы қорғау — ата-ананың міндеті

Буллинг баланың психологиясына ұзақмерзімді кері әсер етеді. Сондықтан заңгерлер мен педагогтар баланы психолог маманға апаруды және отбасы тарапынан қолдау көрсету керегін ескертеді.

Ең маңыздысы — әрекетсіз қалмау. Дәлел жинап, уақтылы арыздану арқылы ғана балаңыздың құқығын заң жүзінде қорғай аласыз.

Тег: балабуллинг

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Қазақстандағы аттракциондар қаншалықты қауіпсіз?

Қазақстандағы аттракциондар қаншалықты қауіпсіз?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz