2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын уәкілетті операторларға аударды. Бұл қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылып, тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу мақсатында пайдаланылған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Нақты бағыттар бойынша:
-
Тұрғын үй жағдайын жақсарту – 64 325 өтініш (7,95 млн доллар).
Оның ішінде:-
Тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру – 62 749 өтініш (7,77 млн доллар),
-
Ипотека бойынша бастапқы жарна – 496 өтініш (57,78 мың доллар),
-
Түпкілікті есеп айырысу арқылы тұрғын үй сатып алу – 407 өтініш (44,69 мың доллар).
-
-
Білім алу ақысы – 44 369 өтініш (5,38 млн доллар).
Оның ішінде:-
Қазақстандағы білім беру қызметіне төлем – 39 065 өтініш (4,79 млн доллар),
-
Білім жинақтау салымын толықтыру – 3 935 өтініш (437,15 мың доллар),
-
Шетелдік оқу орындарына төлем – 1 113 өтініш (122,91 мың доллар).
-
БЖЗҚ хабарлауынша, азаматтар бөлінген соманы толық немесе бір бөлігін пайдалана алады. Қолданылмаған қаражат нысаналы жинақтау шотында сақталады.
Айта кетейік, мамыр айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларын сатқан.