Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Біліктілігі жоқ жұмыскерлер азаматтық қызметшілер құрамына қосыла ма?

фото:

Біліктілігі жоқ жұмыскерлер азаматтық қызметшілер құрамына қосыла ма?

17.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгінде елімізде біліктілігі жоқ жұмыскерлер саны 288 мың адамды құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Еңбек кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы (лауазымдық айлықақы мөлшерінде) төленеді және жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы (ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын) беріледі. Азаматтық қызметшілерге Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес, қызметі кәсіптік даярлық пен арнайы білімді талап етпейтін біліктілігі жоқ жұмыскерлер жатпайды, — деді вице-премьер.

Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, олардың біліктілігін арнайы комиссия (тарифтік-біліктілік сипаттамалары негізінде) анықтайды. Бұл ретте еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген барлық қосымша төлемдер мен үстемеақылар (сауықтыру жәрдемақыларды қоспағанда) біліктілігі жоқ жұмыскерлерге де қолданылады.

— Бүгінде біліктілігі жоқ жұмыскерлер саны 288 мың адамды құрайды. Оларды азаматтық қызметшілер құрамына қосу және оларға сауықтыруға жәрдемақы беру республикалық бюджеттен қосымша қаражатты (2025 жылға 28,7 млрд. теңге) талап етеді. Осыған байланысты, бұл мәселе мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін қарай қаралатын болады, — деді Ермек Көшербаев.

 

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025
Тег: азаматтық қызметшіжұмыскер

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанда аниматордың қызметі қанша?

Қазақстанда аниматордың қызметі қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz