Қазақстандық әнші Досымжан Таңатаров жастар театры директоры қызметінен кетті. Ол шығармашылық пен қызметті қатар алып жүре алмағандықтан осындай шешімге келді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Досымжан Таңатаров басшылық қызметтен кеткенін “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтты. Ол жастар театрының дамуына үлес қосқанмен, өз шығармашылығы тоқтап қалғанын жеткізді.
“Жақын күндері жарияланады. Бұл өзі жақын күндері ғана шешілген дүние. Жастар театрында, жалпы театр саласында екі жарым жыл жүріппін. Әділ Ахметовтың кезінде екі жыл орынбасар болдым. Сол уақытта Әдекенің көптеген дүниеден қолы қағылып жатты, қиналып жүрді. Бәрін өз көзіммен көрдім. Біреуіне сұранады, біреуіне қашып барады. Сосын ойлана келе театрды құрған Нұрлан ағамыз жанашыр ретінде директорлыққа ұсыныс білдірді. Өздері сенім білдіріп отырғаннан кейін қуана кеттім.
Екі жыл бойына мені сынаса керек. “Сені жақсы әнші ретінде танып білдік, енді басшылық қызметте көрсек” деп айтты. Театр жұмысын жандандыру әрі қарай дамыту үшін қолдан келгенше жұмыс істедік. Бірақ өз шығармашылығым ақсап қалғанын байқадым. Бір орында қалып қойдым. Шынымен көп жерге бара алмай қалады екенсің. Шығармашылық пен қызметті бірдей алып жүре алмайтын болғаннан кейін осындай шешімге келдім. Қазір орныма басқа адам келді”, – деді әнші.