Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Дәрігер қателігінен науқас мүгедек немесе мерт болса жазалау дұрыс па?

фото: pixabay.com

Дәрігер қателігінен науқас мүгедек немесе мерт болса жазалау дұрыс па?

13.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Еліміздің тұрғындары дамыған мемлекеттерге қарағанда жедел жәрдем қызметіне 3-4 есе көп жүгінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Халықаралық стандартқа сай 30 мың адамға 1 реанимобиль болуы керек. Бізде 10 мың адамға бір машина бар. Жалпы, стандарттан 3 есе жоғарымыз. Бірақ, елімізде жедел жәрдем қызметіне жүгіну дамыған көп елге қарағанда 3-4 есе көп. Шетелде дене қызуы көтерілген адамға ешқандай бригада барып көмек көрсетпейді. Жедел жәрдем қызметінің негізгі жұмысы – адамның өміріне қауіп төнген кезде келу. Олар – көпжарақат, инсульт, инфаркт және басқа хирургиялық жарақаттар. Осындай жағдайда тез жетіп, көмек көрсетуі қажет, – деді ол елордада өтіп жатқан халықаралық іс-шара аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сондай-ақ вице-министр дәрігердің қателігінен науқас кемтар болып қалса немесе мерт болған жағдайда оны жазалауға қатысты сауалға жауап берді.

– Дәрігер науқастың жанын қинайын, жамандық жасайын деп жанына жақындамайды. Дәрігер қолынан келгенше науқастың денсаулығын дұрыстауға тырысады. Сондай көмек көрсетіп жатқан кезде әрине, адам баласы қателесуі мүмкін. Машина, робот та қателеседі. Мұндай қателіктерді қарастырып, дәрігер әдейі істемесе, онда оны жазалауға болмайды, – деді Тимур Мұратов.

 

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025
Тег: Дәрігермүгедек

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Үкімет тарапынан шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма?

Үкімет тарапынан шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz