Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Депутаттар теледидардағы жарнаманы шектемек

фото: Depositphotos

Депутаттар теледидардағы жарнаманы шектемек

17.01.2024
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Дәрілер мен букмекерлік компаниялардың жарнамасына тыйым салу жобасынан соң қазақстандық медиа нарықтың дамуы тұралап қалу қаупі бар. Қазақстанның жетекші телеарналары кіретін Орталық Азия жарнама қауымдастығының мүшелері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жазды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуге Орталық Азия жарнама қауымдастығының барлық мүшесі қол қойды. Бұл ұйымға еліміздің ірі телеарналары – КТК, Еуразия бірінші арнасы және т.б кіреді. Медиа-индустрия өкілдері букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға ішінара ғана шектеулер енгізуді ұсынып отыр. Себебі жарнамаға толық тыйым салу миллиардтаған доллар шығынға әкеледі. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығының табысы үштен біріне қысқарады. Сапалы тележобаларды шығаруға ақша болмайды.

“Олар енгізгісі келетін шектеулер, біздің ойымызша, қоғамға пайдалы жағынан мүлдем дұрыс бағаланбайды. Сондықтан біз сарапшылар мен медиа саласының мамандарын талқылауға шақырғымыз келеді. Шектеулердің пайдасын және олардың келтіретін зиянын таразылау керек”, – деді Орталық Азия жарнама қауымдастығының атқарушы директоры Анна Тюткова.

Сарапшылар жасөспірімдерге әсер етпеу үшін түнде жарнамаға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Табысқа бірден кенелу  немесе емделіп кету ақпараттарды шығармауды сұрайды.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Бұл тұтыну көлеміне әсер ете ме? Жоқ, бұл қайта мән беруге әсер етеді. Олар фармацевтердің жарнамасына тыйым салуды айтып отыр. Фармацевтердің теледидарға жұмсаған осыншама ақшасы қайда кетеді? Енді олар интернетке жарнама береді немесе дәріханаға орналастырады. Дәріханадан теледидарда талай рет тексерілген, денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті ведомстволар тексерген жарнаманы көрмейсіз. Ал сатушы “мына дәрі жақсы, ал анау жақсы емес” дейді. Дәрігерлердің өзі “жаман ба, жақсы ма, айту қиын” дей салады”, – деді “VI Kazakhstan” ЖШС бас директоры Илмурад Жұмаев.

CARA сараптамалық кеңесінің мәліметіне сүйенсек, букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға толық тыйым салынған жағдайда нарық жылына 25 миллиард теңгеге дейін шығынға ұшырайды. Бұл сөзсіз бүкіл медиа нарықтың тоқырауына әкеледі.

Тег: депутатжарнамаТелеарнателедидар

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
“Президент пен депутаттарды халық сайлайтынын білмей ме?”: Депутаттар үкіметті сотқа бермекші

"Президент пен депутаттарды халық сайлайтынын білмей ме?": Депутаттар үкіметті сотқа бермекші

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz