Танымал әнші Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Өнер иесі “ННН Show” бағдарламасында қонақта болып, өзіне қатысты ел білмейтін жаңалықтармен бөлісті.
Ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген. Бағдарлама ұйымдастырушылары оның әрбір жауабының рас-өтірігін арнайы құрылғымен тексеріп отырды.
Алғашқы сұрақтардың бірі екінші әйел алу мәселесіне қатысты болды. Эстрада жұлдызы бұл сауалға жауап берер алдында сәл кідіріп қалды. Бірақ артынан болашақта тағы бір әйелді жар етуге қарсы емес екенін айтты. Ол мың адам қарсы болса да бұл ойын іске асыратынын жеткізді.
“Алла қаласа, екінші әйел аламын. Мен тіпті төртеу алсам ба деп отырмын. Негізі екінші әйел алу деген біздің қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Бұл Алланың қалауындағы нәрсе. Менің тағдырыма жазылған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Бірақ тағдырыма жазылмаған болса, мен жүз жерден алам десем де, әйелімді көндірсем де ол тағдырға жазылмаған нәрсе. Тағдыр деген Алланың қалауы ғой. Алла қаласа болады. Қаламаса хайыр”, – деді Төреғали.