Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде бұғатталған банктік шотты уақытша ашуға бола ма?

фото: ашық дереккөз

Елімізде бұғатталған банктік шотты уақытша ашуға бола ма?

17.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
16
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Банк шотының бұғатталуы соңғы жылдардың өзекті мәселесі десек, артық болмас. Сол себепті қазақстандықтар қамауға түсіп қалмау үшін бүкіл амалдарын жасайды. Ал егер шот ақыры бұғатталса, тым болмаса уақытша ашуға болады ма? Қазір сіздерге қосымшаның қыр-сырын айтып береміз.

Банктік шот түрлі заңбұзушылық үшін бұғатталуы мүмкін. Мысалы, алименттерді, салықтарды, өсімпұлдарды, үшінші тұлғалардан алған қарыздарды немесе т.б. төлемдерді өтемегені үшін азаматтың жеке банктік шотына тыйым салынуы мүмкін. Жеке тұлғаның банктік шотын сот шешімі бойынша жеке немесе мемлекеттік сот орындаушылар бұғаттай алады.

Кейде борышкер қиын жағдайға тап болып, бұғатталған банктік шотында жатқан ақшасын пайдалануға мәжбүр болуы мүмкін, бірақ FinGramota медиа-порталының сарапшылары банктер сот шешімімен тыйым салынған шотты тіпті уақытша аша алмайтынын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Бұл ретте жеке шотты ашу туралы алғашқы сот шешімнің күші жойылғаннан кейін ғана тыйым салынған банктік шот ашылатынын айта кетейік. Сол себепті Қазақстан азаматтары жеке шотты бұғаттау туралы шешім қабылдаған уәкілетті органға, мысалы, жеке сот орындаушысына немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жазбаша өтініш беруі керек.

Айта кеткен жөн, кей кезде жеке тұлғаның банктік шотын бұғаттау туралы шешім негізсіз қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда азамат сот орындаушысына жүгіне алады, тіпті жеке шоты бұғатталған азаматтар орналасқан жері бойынша сотқа барып, өтініш бере алады.

Бірақ кейде борышкерлердің құқығы өзгеше бұзылуы ықтимал. Мысалы, оған күніне бірнеше рет хабарласып, қарызды өтеу қажеттігін еске салуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай қоңыраулар саны шектеулі екенін естен шығармаған жөн.

Сарапшылардың сөзінше, кредиторлар қарыз алушымен байланысқа шыққанда мынадай ережелерді сақтауға міндетті:

  • жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін күніне 3 рет қана қоңырау шалуға рұқсат етіледі;
  • демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін күніне 2 рет қана қоңырау шалуға рұқсат етіледі;
  • егер банк қарыз алушымен келіссөздерді тұрғылықты жері, тіркелген жері немесе орналасқан жері бойынша, сондай-ақ банк бөлімшесінде жүргізгісі келсе, күніне бір рет, ал аптасына үш рет қана жүргізуге рұқсат етіледі.

Егер банк борышкермен өзге шарттарға сәйкес кездескісі келсе, онда банк қызметкерлері қарыз алушымен алдын ала келісіп алуға тиіс.

Сонымен қатар қазақстандықтар қарызды өтеу бойынша қиындықтарға тап болса, салдарын күтпей, бірден банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгініп, неліктен келісімшарт талаптарының орындалмай жатқанын түсіндіргені және мәселенің өзге шешімін ұсынғаны жөн. Кредитор қарыз алушының бұл өтінішін қарауға міндетті.

Тег: банкбұғаттаушот

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Енді Қазақстанда балалар буллингі үшін ата-аналар да жауапқа тартылады

Енді Қазақстанда балалар буллингі үшін ата-аналар да жауапқа тартылады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz