Белсенділер Қазақстанда донорлық туралы заңды өзгертуді сұрады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда донорлық ағзаға мұқтаж мыңдаған жан тек шетелден келетін ағза трансплантациясына ғана үміттенеді. Өйткені ол елдерде қайтыс болған адамдардың мүшесін алу үшін туыстарының рұқсаты талап етілмейді.
“Дәрігерлер қордан ақша алғанша, елімізде донорлық дамитындай етіп заңды өзгерту керек дейді. Тиісті конференция өткізілді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірге үкіметті де, қоғамды да трансплантация және мәйіт донорлығы туралы заңды өзгертуге шақыру мақсатында осы конференцияға қатыстық”, – деді “Қазақстан халқына” қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Шетелдегі органдарды сатып алу туралы өтініштерді “Қазақстан халқына” қоры қабылдайды. Бұл өте қымбат болғандықтан, көптің қалтасы көтермейді.
Елімізде қайтыс болған азаматтардың ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз алуға заң рұқсат етсе, мыңдаған адамның өмірі сақталып қалатын еді. Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық адам органға мұқтаж, оның 90-ы бала. Халықтың басым көпшілігі бұған қарсы болғандықтан, көбісі кезекке жетпей, көз жұмады.
Бұған дейін Қазақстандықтар көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң органдары автоматты түрде алынуы мүмкін екені айтылды.