Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қанша балада мінез-құлқында психикалық ауытқуы бар?

фото: pixabay.com

Елімізде қанша балада мінез-құлқында психикалық ауытқуы бар?

17.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер арнайы орталықта емделеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

– 2025 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша елімізде динамикалық бақылауда тұрған психоактивті заттарды қолданбайтын мінез–құлқы психикалық бұзылған (ауытқуы бар) 20 4408 адам бар. Оның ішінде 44 781 кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер. 2023 жылғы статистика бойынша ел аумағында 19 8421 адам тіркелді, оның ішінде 41 023 пациент кәмелетке толмаған, – делінген сауал жауабында.

Атап айтқанда, F20 диагнозымен (шизофрения) 39 334 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның арасында 301 кәмелетке толмаған (2023 жылы – 39002 адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар-290 адам) бала мен жасөспірім бар.

– Мінез-құлқында психикалық ауытқуы бар кәмелетке толмаған жандарға еліміздің 20 өңірінде психикалық денсаулық орталықтарында, одан бөлек республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында қолдау, көмек көрсетіледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 613 бала психиатриялық орталықтарға орналастырылды. Оның ішінде 573-і өңірлердегі психикалық денсаулық орталықтарына және 40 республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына жайғастырылды, – дейді ведомстводан.

Денсаулық министрлігінің ұсынған мәліметі бойынша, өткен жылы елімізде кәмелетке толмаған 10 595 бала және жасөспірім стационарлық жағдайда ем алған, оның арасында F20 диагнозымен, яғни шизофрения дертіне шалдыққан 178 адам бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

– Өңірлердегі психикалық денсаулық орталықтарында 9865 кәмелетке толмаған адам стационарлық емдеуден өтті, оның ішінде F20 (шизофрения) диагнозы қойылған 157 адам бар, ал республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында барлығы 730 кәмелетке толмаған адам стационарлық емдеуден өтті, оның ішінде 21 жасөспірімге F20 (шизофрения) диагнозы қойылған, – деп толықтырды ведомство.

Еске сала кетейік, елордада жасөспірім лифті ішінде баланы пышақтап тастаған еді. Кейін белгілі болғандай пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған.

 

Тег: балаЕмханаесеппсихикалық ауытқу

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Әкімдердің қаншасы бұрыннан осы салада жүр?

Әкімдердің қаншасы бұрыннан осы салада жүр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz