Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде картоп бағасы қашан төмендейді?

фото: pixabay.com

Елімізде картоп бағасы қашан төмендейді?

03.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин картоп бағасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Сұраныс пен ұсыныс заңдылығы бар. Осыған дейін Беларусьте де, Ресей Федерациясында да, Өзбекстанда да картоп жақсы өспеген. Ал Қазақстанда былтыр айтарлықтай жақсы қор қалыптасқан еді. Бұл ретте, фермерлер осы өнімнен жақсы табыс алғысы келді, яғни белгілі бір уақытқа дейін картопты экспорттауға шектеу қоймадық. Шын мәнінде, бізде картоп тапшылығы жоқ. Бірақ бағасы өсті. Бізде екі жол бар. Біріншісі — картоптың бағасын шектеу, онда оны биыл ешкім екпеуі мүмкін және келесі жылы тапшылыққа тап боламыз. Екінші жолы — картоп экспортын шектеу. Біз осы қадамға баруға мәжбүр болдық. Біз бағаны шектемедік, өйткені бұл тетік нарық талаптарына сай келмейді, — деді С. Жұманғарин Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір картоптың келісі 400-600 теңге аралығында. Сонымен қатар, Түркістан облысында шыққан картоптың биылғы жаңа өнімі егіс алқаптарында 200-300 теңге шамасында.

— Менің ойымша, қазір осы өнімнің бағасы тұрақтала бастайды. Мұнымен қоса, Астанада 50 контейнер түсіріліп жатыр. Жалпы, дүкен сөрелерінде картоп болмаған кездер байқалмады, — деді вице-премьер.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы жылы картоп егістіктері көбейетінін айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

 

Тег: бағакартоп

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Қазақстандықтардың қанша пайызында көп достары бар?

Қазақстандықтардың қанша пайызында көп достары бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz