Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде мүгедектігі бар балаларға қандай жағдай жасалған?

фото: pixabay.com

Елімізде мүгедектігі бар балаларға қандай жағдай жасалған?

06.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда 740 мыңға жуық мүгедектігі бар адамдар тұрады. Олардың 16%-ы балалар. «Бүгін LIVE» бағдарламасының бүгінгі санында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мәселесі талқыланды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Осыдан 3 жыл бұрын қаламызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тек 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымы (ПМПК) жұмыс істесе, қазір мұндай орталықтар саны онға дейін жетті. Қазір Астанада 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін 500 мыңнан астам бала бар. Сол балаларға 10 ПМПК жұмыс істейді. Бүгінге дейін осы ПМПК-ларға 3 айдан жарты жылға дейін кезекте тұратын болса, қазір ол кезек 1 күннен ары кетсе, 1 айға дейін қысқарды, — дейді Астана қалалық білім басқармасының басшысы.

Қалалық білім басқармасы алдағы уақытта инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр.

— Біздің келесі қадамымыз — инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын көбейту. Оған қоса, ең басты мақсатымыз — шағын аудандарда тұратын балалар үшін өзі тұратын шағын аудандағы мектептерде де жағдай жасау. Қазір қаламыздағы 100-ден астам мектеп болса, оның 60-тан астамында осындай инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Жалпы қаладағы білім ошақтарының 95 пайызында инклюзияға жағдай жасалған. Біз бұл жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз, — дейді Қасымхан Сенғазыев.

Басқарма басшысы дәл осы салада маман тапшылығы бар екенін де жасырмады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

— Ендігі мәселе — мамандарды дайындау. Қандай мамандар қажет? Біліктілігі қандай? Олардың біліктілігін қалай арттыру керек? Деген сияқты мәселелерді қазір қолға алып, жұмыс істеп жатырмыз. Ең көп жетіспейтін мамандар — дефектолог, логопед, тифлопедагогтар. Қаламызға дәл осындай 30-ға жуық маман жетіспейді, — дейді ол.

Сонымен қатар, елімізде ерекше балаларға көмектесетін балаларды оңалту орталықтары да жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар балаларға медициналық қана емес, жан-жақты қолдау көрсетеді.

— Біздің орталық тікелей ерекше балалармен жұмыс істейді. Бізден жылына 4200-дей науқас ем алады. Айына 300-дей бала емделеді. Біз 3 бағытта жұмыс істейміз. Ол — педагогикалық түзетулер, медициналық көмек. Оның ішіне әртүрлі физиотерапия, дене шынықтыру, медикаментозды терапиялар бар. Және әлеуметтік адаптация бағыттарында жұмыс істейміз, — дейді Ұлттық балаларды оңалту орталығы № 2 психоневрологиялық бөлімінің меңгерушісі.

Орталық ерекше балаларды емдеу барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданатынын айтады.

— Біз шетелдерге әртүрлі іссапармен жиі барамыз. Салыстырмалы түрде біздің емдеу методикаларымыз заманауи деп айта аламыз. Жаңа емдеу тәсілдерін өзімізге енгіземіз. Әртүрлі цифрлы, роботталған әдістемелерді орталықта қолданып, оны аумақтарға таратуға үлесімізді қосып жатырмыз, — дейді Ғалымжан Жылқыбаев.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 211,6 мың тапсырысы орындалды.

 

Тег: баламүгедек

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Банктер мобильді аударымдар комиссиясын қашан түсіреді

Банктер мобильді аударымдар комиссиясын қашан түсіреді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz