Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде негізгі азық-түліктің бағасы қалай бақыланады?

фото: kyzylorda-news.kz

Елімізде негізгі азық-түліктің бағасы қалай бақыланады?

22.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Еліміздегі кейбір негізгі азық-түлік өнімі бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда қымбаттады. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны тұрақтандыру тетігін өзгертті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстанда азық-түлік инфляциясы біртіндеп төмендеп келе жатқанына қарамастан, көптеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шілде айында бір жыл бұрынғыға қарағанда қымбаттады.

Мысалы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, нан (6,2 пайызға), жарма(2,4 пайызға), күріш (10,5 пайызға) және тұзсыз сары май (9,7 пайызға), сиырдың төс еті (4,1 пайызға), ет (9,1 пайызға), сүт (6,4 пайызға), айран (5,4 пайызға), сүзбе (5,8 пайызға), картоп (9,3 пайызға), 1 санаттағы жұмыртқа (10,9 пайызға), тұз (3,7 пайызға) және сәбіз (0,1 пайызға).

Сізге ұнауы мүмкін

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

19.06.2025
Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

19.06.2025

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетігі өзгертілді. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар белгіленеді:

  • заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
  • екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
  • меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
  • мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы; мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сонымен қатар атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;

Осылайша, Қазақстан негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды жоспарлап отыр.

Тег: азық-түлікбаға

Ұқсас материалдар

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

19.06.2025

Қазақстанда мамыр айында жылдық инфляция 11,3%-ға жетіп, алдыңғы аймен (сәуір — 10,7%) салыстырғанда қайта жеделдеді. Бұл туралы Ұлттық банк ресми...

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

19.06.2025

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 481 мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн...

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

19.06.2025

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев жеке меншік мектептердің жаппай жабылатыны туралы қоғамда тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

19.06.2025

Мәжілістің жалпы отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі қаралды. ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев үш ірі ұлттық...

Келесі
Қазақстанда декларацияны қалай айыппұлсыз тапсыруға болады?

Қазақстанда декларацияны қалай айыппұлсыз тапсыруға болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz