Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде ұлттық парктерге кіру тарифі неліктен әртүрлі?

фото: pixabay.com

Елімізде ұлттық парктерге кіру тарифі неліктен әртүрлі?

31.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметте өткен брифингте ұлттық парктерге кіру тарифі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Биыл 8 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Осылайша, Салық кодексінен Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін алынатын төлем республикалық бюджетке түсетіні туралы нормалар алынып тасталды.

«Бізде екі түрлі төлем болды. Оның бірі – салық, ұзақ мерзімге дейін қолданғаны үшін тікелей бюджетке түсетін ақша. Бүгін салық кодексінде сол салықты алып тастады. Ал екіншісі – қызмет үшін төлем орнында қалды. Бағана айтқан салығымыз 0,1 АЕК болды. Ал қызмет үшін нақты айта алмаймын, мәселен Алматының басындағы Іле-Алатау паркінде ол жерде кісі басынан 200 теңгеден алады. Көлсай мен Шарында 500 теңге алады», – деді Е.Нысанбаев Үкіметте.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Жаңа заң бойынша, ҚР Бюджет кодексінің республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін бюджет түсімдері туралы нормалар өзгерді. Енді табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту құзіреті ЕҚТА-ны бақылайтын мемлекеттік органдарға беріліп отыр.

Ашық Үкімет порталында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің тарифтерге қатысты арнайы бұйрығы жарияланғанын айта кетейік.

Онда еліміздегі Ұлттық парктердің қызметіне қатысты алынатын төлем көлемі көрсетілген. Айталық, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында мотоцикл, мопед, квадроцикл сынды шағын техникалар үшін ставка 1 АЕК (3692 т) болса, жеңіл автокөліктер – 1,5 АЕК, 16 адамға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 4 АЕК, 32 адамға дейінгі автобус – 8 АЕК, 32-ден жоғары адам сиятын автобустар 13 АЕК көлемінде төлейді.

Демек, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі бұрынғысынша алынады. Бірақ қаражат Ұлттық парктердің арнайы шотында қалып, қызметкерлер жалақысы, табиғатты қорғау шаралары, бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, туристік соқпақтарды жақсарту, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру сынды өз қажеттіліктеріне жұмсалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметтері үшін төлем алу нормасы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 38-бабы және Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №27-5-6/253 бұйрығы («Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту») арқылы реттеледі.

Тег: кірутарифұлттық парк

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Туризмге салынған инвестиция қанша теңгені құрады?

Туризмге салынған инвестиция қанша теңгені құрады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz