Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде жаңа Су кодексі қабылданды

фото: pixabay.com

Елімізде жаңа Су кодексі қабылданды

10.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда алғаш рет су саласын реттеуге арналған жаңа Су кодексі қабылданып, онда «су қауіпсіздігі» ұғымы ресми түрде енгізілді. Бұл ұғым халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарында ұлттық мүддені қамтамасыз етуді көздейді.

Су тапшылығының алдын алу мақсатында кодексте «экологиялық ағын» ұғымы да бекітілді. Бұл — өзен, көл және теңіз экожүйелерінің сақталуы үшін қажетті ең төменгі су деңгейін айқындайтын шама.

Бас жоспар және қоғамдық қатысу

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Жаңа құжат аясында су ресурстарын басқарудың бас және бассейндік жоспарлары әзірленбек. Бұл жоспарлар судың болашағына қатысты нақты мақсаттар мен шешу жолдарын қамтиды және мемлекеттік саясатта ескеріледі.

Сонымен қатар, су ресурстарын басқару процесіне қоғамдық қатысу деңгейі де кеңейтілді. Бассейндік кеңестер енді су пайдалануды шектеу, табиғи апаттардың алдын алу және жергілікті биліктің қателіктерін түзету бойынша ұсыныстар беруге құқылы.

Шағын өзендер мен сулы-батпақты алқаптарды қорғау

Су объектілерін қорғауға қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Енді шағын өзендерге тұйық бөгеттер салуға тыйым салынады. Сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтар арнайы қорғауға алынады. Ал екі жыл ішінде барлық елді мекендердегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін анықтау жергілікті билікке жүктелді.

Климаттың өзгеруіне бейімделу және жаңа технологиялар

Кодексте климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жеке тарау қарастырылған. Онда су қоймаларын тазалау, шекараларын анықтау, инфрақұрылымды инженерлік жүйелермен қорғау және тасқын мен еріген суды сақтау шаралары көзделген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында тұщытылған теңіз суын пайдалану, егін айналымын дұрыс ұйымдастыру және су үнемдейтін технологияларды енгізу де маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленген.

Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес

Су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес бойынша орталық және жергілікті билік органдарының міндеттері нақты бөлінді. Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік су инспекциялары арқылы гидротехникалық нысандардың жай-күйі мен жұмыс тәртібін бақылап, тасқын суларды бағыттау және өткізу жұмыстарын үйлестіреді.

Ашықтық пен цифрландыру

Министрлік жыл сайын Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жариялап отырады. Сонымен бірге Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда «Әкімшілік», «Су пайдалану», «Трансшекаралық су» және «Картография» модульдері пилоттық режимде жұмыс істеуде.

Су үнемдеу мен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар

Су үнемдеуді ынталандыру үшін су пайдалануға рұқсат тек айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтауға көшу жоспары болған жағдайда ғана беріледі. Бұл жоспарды әзірлеуге екі жыл, ал толық ауысуға бес жыл уақыт беріледі.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында су шығынын азайту мақсатында ирригациялық кондоминиумдар құру тәртібі нақтыланды. Егер ондай бірлестік болмаса, бұл мүлікті жергілікті атқарушы органдар сыртқы басқаруға ала алады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы үшін еріген қар суын рұқсатсыз жинауға мүмкіндік беретін жаңа норма енгізілді.

Гидротехникалық құрылыстар мен жерасты суы

Кодекс гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне арналған жеке тарауды қамтиды. Онда бұл құрылыстардың тізімін жасау, қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және көпфакторлы тексеру тәртібі нақтыланған. Министрлік гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік регламентін де әзірлемек.

Сонымен қатар, жерасты суларын іздеу, бағалау және қорғау міндеті «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі арқылы атқарылады.

Бақылау және заңнамаға өзгерістер

Су саласындағы көлеңкелі нарықпен күресу үшін бассейндік инспекцияларға жедел қадағалау функциялары берілді. Олар жергілікті биліктің су қорын қорғауға қатысты міндеттерінің орындалуын да бақылауға алады.

Жаңа кодексті іске асыру мақсатында Азаматтық, Жер, Экология және Кәсіпкерлік кодекстеріне, сондай-ақ 13 заңға түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Әкімшілік кодекс бойынша су саласындағы құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді, ал Жер қойнауын пайдалану кодексінде Каспийдегі және жерасты ресурстарын барлау мен өндіру нормалары қайта қаралды.

Министрдің пікірі

«Жаңа Су кодексін әзірлеу кезінде біз бес негізгі қағиданы басшылыққа алдық. Бұл — суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі деп тану, оның сарқылуын болдырмау, кешенді және үнемді пайдалану, климаттың өзгеруіне бейімделу және халықтың қатысуын қамтамасыз ету. Бұл құжат еліміздің су саласындағы жаңа мемлекеттік саясатының негізін қалайды. Құжатты әзірлеуге атсалысқан Парламент депутаттары мен сарапшыларға алғысымды білдіремін», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Тег: кодекссу

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Әлемнің қай қалалары ең жайлы?

Әлемнің қай қалалары ең жайлы?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz