Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде жүктіліктің қанша пайызы жоспарлы түрде болады?

фото: pixabay.com

Елімізде жүктіліктің қанша пайызы жоспарлы түрде болады?

29.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
17
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда жүктіліктердің 40% жоспарланбаған. Бұл туралы президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025
Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

“Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие, өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағы туралы айтып отырмыз. Жасөспірім қыздар мен фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту, олардың бала туу туралы ақпараттандырылған шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, жүктілік және босану кезіндегі тәуекелдерді азайту мақсатында әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралар кешені іске асырылуда. Біздің сарапшылар медициналық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ана өлімін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті. Жалпы, барлық уәкілетті органдардың белсенді дәйекті жұмысы қажет деп санаймын”, – деп атап өтті министр.

Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген ұлттық комиссия сарапшылары денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.

Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттігі айтылды.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

 

Тег: әйелжүктілік

Ұқсас материалдар

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025

19 маусым – Дүниежүзілік балалар футболы күні. Бұл мереке 2001 жылдан бері FIFA мен БҰҰ Балалар қорының бастамасымен атап өтіледі....

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

Сауда және интеграция министрлігі күнбағыс майы, ұн, тауық жұмыртқасы, арақ және тағы бірнеше өнімге бағаның ең төменгі деңгейін (БТД) енгізу...

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

24.06.2025

2023 жылдан 2025 жылдың мамырына дейін Қазақстандағы төрт екінші деңгейлі банк мемлекеттен алған 409,6 млрд теңге көлеміндегі қолдау қаражатын мерзімінен...

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

24.06.2025

Қазақстанда инсультке шалдыққандар саны артып барады, әсіресе бұл ауыр дерт жастар арасында жиілей түскен. Дәрігерлер бұған энергетикалық сусындарға тәуелділік пен...

Келесі
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы сомасы қанша?

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы сомасы қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz