Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

pixabay.com

Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

10.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сарапшылар сәуір айында Қазақстанның көптеген қаласында тұрғын үй бағасының төмендеуін тіркеді. Шаршы метрдің құны ең көп Алматыда бір айда 2,1 пайызға арзандады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жылжымайтын мүліктің құны үздіксіз өсуде – үш жыл ішінде қайталама тұрғын үй нарығында шаршы метрлер орташа есеппен 40 пайызға қымбаттады. Қазіргі сәтте Қазақстан баға жөнінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (ТМД) кейбір елдерден де озып кетті.

Бірақ сәуір айында елде күтпеген жағдай болды – көптеген қалаларда пәтер бағасы төмендеді. “Крыша” порталының сарапшылары 18 қаланың 11-де бағаның төмендегенін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Баға ең көп төмендеген қала – Алматы. Мұнда бір айда баға 2,1 пайызға түсті. Алайда мегаполистегі пәтерлердің орташа құны бұрынғысынша республика бойынша ең жоғары – шаршы метрі 717 216 теңге.

Басқа қалаларда ай сайынғы төмендеу айтарлықтай байқалмайды: Қарағандыда (-1 пайыз), Талдықорған мен Ақтөбеде (-0,7 пайыздан), Павлодар мен Қызылордада (-0,6 пайыздан), Орал, Өскемен және Таразда (-0,4 пайыздан), сондай-ақ Шымкент пен Көкшетауда (-0,1 пайыздан).

Ақтауда бір айда баға айтарлықтай өсті – 4,2 пайызға, орташа есеппен шаршы метрі үшін 350 884 теңгеге дейін. Бір қызығы, бұл қала да жыл сайынғы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Салыстыру үшін: Алматыда баға бір жылда небәрі 0,7 пайызға өссе, Астанада 0,6 пайызға, ал Шымкентте жалпы алғанда 3 пайызға төмендеген.

Бағалар жыл сайынғы көрсеткіш бойынша ең көп төмендеген Өскеменде – бірден 4,7 пайызға. Одан кейінгі орында Семей -3,7 пайызды құраса, Талдықорған -3,6 пайызбен үздік үштікті жапты.

Дегенмен көптеген қаладағы қазіргі құлдырау болашақта жалғаспауы мүмкін. Еске сала кетейік, сәуір айында 7 пайыз немесе 9 пайыз бойынша тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік беретін “Наурыз”ипотекасы басталған болатын. Бұл елдегі тұрғын үйге сұранысты айтарлықтай арттырып, бағаның өсіріп жіберуі мүмкін.

Сонымен қатар сарапшылар бұған дейін бағаның көтерілуіне наурыз және сәуір айларында Қазақстанның көптеген аймақтарында болған су тасқыны әсер етуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Тег: бағатұрғын үй

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Қазақстанда балалар киімі қымбаттады: енді ата-аналар не істемек?

Қазақстанда балалар киімі қымбаттады: енді ата-аналар не істемек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz