Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

фото: pixabay.com

Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

15.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президент қабылдауынан кейін өткен жылғы атқарылған жұмыстың есебін беріп, биылғы жоспармен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Ұлттық банк Үкіметпен бірге өзара күш біріктіре алды. Соның арқасында 2023 жылы 9,8% болған инфляцияны 2024 жылы 8,6%-ға дейін төмендете алдық. Қазақстанның халықаралық резервтері $104,7 млрд болды. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұның өзі орнықтылық мәселесінде сенімді буферге айналды. Соның ішінде алтын-валюта резервтері 45,8 млрд долларға жетіп, 27,5%-ға өсті. Өйткені алтынмен операциялар жүргізіліп, инвестициялық табыс жоғары болды. Бүгінде олардың көлемі рекордтық 52,3 млрд долларға жетті, – деп жазды Тимур Сүлейменов Facebook парақшасында.

Ұлттық банк төрағасы келтірген мәліметке сүйенсек, Ұлттық қордың активтері $58,8 млрд болды. Ал, қордағы валюталық портфельдің кірістілігі 7,6%-ға жетті. Бұл ретте Ұлттық қордың қаражаты ең негізгі деген инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланды. 2024 жылдың өзінде 238 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар бір жыл ішінде БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) зейнетақы активтері 25,9%-ға өсіп, 22,4 трлн теңге болды. Инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш — 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 17,8% болды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

– Біз үшін Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту мәселесі басым бағыттардың бірі болып қала береді. Елдегі қолма-қол ақшасыз айналымның 90%-ға жуығы Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жобалар цифрлық теңге платформасында жүзеге асырылып жатыр. Телефон нөмірі мен QR-код арқылы жасалатын аударымдарға арналған банкаралық жүйе іске қосылып, оған барлық банк қосыла бастады, – дейді ол.

Одан әрі Т.Сүлейменов цифрлық қаржы активтері нарығын құқықтық реттеуге бағытталған заңнамалық базаны қалыптастыру жұмысы басталғанын мәлімдеді. Айтуынша, биыл қаржы активтері мен нақты активтерді және басқа да құралдарды қауіпсіз ету бойынша бірқатар пилоттық жобаны іске қосу жоспарда бар. Бұл, өз кезегінде, капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

– Биыл екінші жартыжылдықта арнайы «сынақ» режиміне көшеміз. Онда біз шектеулі әрі реттелетін ортада қаржы активтерін, нақты активтерді және басқа да құралдарды қауіпсіз ету бойынша бірнеше жобаны іске қосып көрмекпіз. Мысалы, қымбат бағалы металдардың цифрлық баламасын шығара алсақ, ол үлкен аудитория үшін инвестицияға қолжетімділікті арттыра алар еді. Ал дебиторлық берешекті қауіпсіз ету (факторинг) шағын және орта бизнес үшін айналым капиталын тартуға мүмкіндік береді. Теңгемен қамтамасыз етілген стейблкоин – цифрлық активтермен жасалатын операциялар үшін қауіпсіз есеп айырысу құралына айналуы мүмкін, – деп толықтырды төраға.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына жүктеген бірқатар міндет:

  • инфляцияны тежеу;
  • резервтердің көлемін арттыру;
  • қаржы жүйесіне сенімді нығайту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту;
  • цифрлық қаржы активтерін құқықтық тұрғыда реттеу жүйесін қалыптастыру.

Осылайша, Тимур Сүлейменов жүйелі жұмыс жалғасатынын айтып отыр.

 

Тег: халықаралық резерв

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Пәтерді жалға беруші еш себепсіз босатуды талап етсе не істеу керек?

Пәтерді жалға беруші еш себепсіз босатуды талап етсе не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz