Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізге ең көп турист қай елден келеді?

фото: pixabay.com

Елімізге ең көп турист қай елден келеді?

26.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр Қазақстанға туристік мақсатпен 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Бұл – жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегендегі көрсеткіш. Негізінен Қазақстанға ең көп турист Қытайдан келеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанға туристер саны ең көп келетін елдердің бестігін атады. Олардың арасында қытай көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстанға 655 мың Қытай азаматы келді. Визасыз режимнің енгізілуі және екі ел арасындағы әуе қатынасының артуы туристер санының едәуір өсуіне ықпал етті.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Үндістан халқы да Қазақстанға келуге мүдделі. Өткен жылы біздің елге 146 мың Үнді туристі келді. Елдер арасындағы тікелей рейстер, визалық режимді жеңілдету және туристік бағыттарды дамыту Үндістан азаматтарының біздің елге деген қызығушылығын арттырды.

Үшінші орында – Түркия. Өткен жылы Қазақстанға 130 мың түрік азаматы келген. Бұған тұрақты әуе қатынасы және мәдени және іскерлік байланыстардың нығаюы ықпал етеді.

Қазақстанға келетін туристер саны бойынша Германия төртінші орында. Өткен жылы біздің елге Германиядан 92 мың турист келді. Олар әсіресе этнотуризмге, Қазақстанның табиғи және мәдени нысандарына қызығушылық танытады.

Бесінші орынды Оңтүстік Корея иеленді. 2024 жылы Қазақстанға Оңтүстік Кореядан 40 мыңға жуық турист келді. Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Бұған екі ел арасындағы тікелей рейстердің болуы, визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ қазақстанның табиғатына, ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуы ықпал етеді.

Қазақстанға туристік мақсатта келген 15,3 миллион шетелдіктің 10,4 миллионы елде бір тәуліктен астам тұрып, шетелдік туристер санатына енген. Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік қонақтардың елде орташа болуы 4 күнді құрайды.

Тег: МинистрлікТуризмтурист

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Енді Қазақстандықтарға тұрғын үйді сақтандыру үшін қанша төлеу қажет?

Енді Қазақстандықтарға тұрғын үйді сақтандыру үшін қанша төлеу қажет?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz