Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Енді ипотекасы барлар табыс салығынан жеңілдік алып, жалақысын көбейте алады

фото: pixabay.com

Енді ипотекасы барлар табыс салығынан жеңілдік алып, жалақысын көбейте алады

03.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда енді тек Отбасы банкте емес, өзге банкте де ипотекасы барлар да табыс салығы бойынша жеңілдік ала алады. Осылайша айлыққа қосымша ақша түсіруге болады. Бірақ мемлекет жеңілдікті ипотека алғандардың бәріне қолжетімді еткенмен, салықтан қайтарылатын қаражатқа шектеу қойып отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ипотекасы барларға табыс салығын шегеру бұрыннан бар. Жұмыс орнына, атап айтқанда, бухгалтерияға тұрғын үй несиесіне қатысты банкпен жасалған келісімшартты, қарызды өтеу кестесін және ай сайын төлеген кредиттің түбіртегін өткізсең табыс салығынан ақша қайтарылады. Осылайша жалақыны көбірек алуға мүмкіндік бар.

Бұдан былай ипотека төлейтіндер салыққа жеңілдікті пайдаланса, азамат жалақысын көбейте алады. Мәселен, сіздің айлығыңыз 400 мың теңге дерлік. Одан зейнетақы жарнасы, медициналық сақтандыру, табыс салығы ұсталғанда қалтаға 316 мың теңге түседі. Ал енді ипотека төлеушіге берілетін шегерімді пайдаланса, бұл айлыққа кредиттің төлеу кестесіндегі сыйақы сомасының пайызына қарай қосымша қаржы қосылады. Мысалы, сыйақы мөлшерлемесі 75 мың теңге болса, соның 10 пайызы, яғни, 7500 теңге беріледі. Осылайша, таза қолға алатын жалақы 324 мың теңге болады. Бұл мүмкіндікті қаңтардан бастап өзге банктен ипотека алған азаматтар да пайдалана алады. Бірақ мемлекет игілікті ортақ еткенмен, салық жеңілдігі берілетін сомаға шектеу қойды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“2025 жылы сыйақы мөлшерлемесіне салық шегерімі жаңа әдіспен жүзеге асырылады. Енді Салық Кодексінің 351-бабына сәйкес, 118 АЕК (463 976 тг) мөлшерінде 1 жылға шектеу қойылды. Мысалы, қарызды өтеу кестесіндегі сыйақы сомасы 100 000 теңгені құрайтын азаматтар жеңілдікті тек бірнеше ай ғана, яғни, қаңтар мен ақпан аралығында ғана пайдалана алады”, – деді “Отбасы банк” АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Ал салық сарапшыларының айтуынша, шектеу қою асығыс жасалған шешім. Өйткені мұндай мүмкіндік барын қарыз алушылардың көбі енді біле бастаған еді дейді.

“118 айлық есептік көрсеткіштен қысқа мерзімде асады. Бұл мөлшерді қандай негізде бекіткенін түсіне алмадым. Салық есептелгенде кредиттің сыйақы сомасы шығыс ретінде саналады. Содан 10 пайызын жеңілдік ретінде шегеріп, сол ақша қайтарылады. Енді бұл шектеу сол сыйақы мөлшерлемесі 40 мың теңгеден жоғары барлық азаматқа қатысты болғалы тұр. Шектеудің болғаны жұмыс берушілерге ғана тиімді”, – деді салық сарапшысы Айдар Масатбаев.

Салыққа жеңілдік алу мүмкіндігі заңға сәйкес, ипотекасы барлардан бөлек көпбалалы отбасыларға, ұл-қызы ақылы негізде оқитын қызметкерлерге де беріледі. Алайда оған нақты кімдер қатыса алатыны, айлыққа қанша ақша қайтарылатыны бүгінше белгісіз. Бұған жауапты Мемлекеттік кірістер комитеті әзірге толық жауап ұсынбаған.

Тег: банкБасты жаңалықтаржалақыипотекаОтбасы банксалық

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компаня жүргізеді?

Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компаня жүргізеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz