Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қанша қазақстандық табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды?

фото: pixabay.com

Қанша қазақстандық табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды?

03.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Биыл 2,4 миллион қазақстандық активтері мен міндеттемелері, 2,8 миллионы кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет. Бұл тиісінше 35 пайызға және 71 пайызға орындалған, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі 2023 жылы басталды. Оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары, сонымен қатар олардың жұбайлары алғаш рет қатысуда.

Барлық жаңа қатысушылар 250.00-нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы “кіру” декларациясын тапсыруы қажет. Жүйеге бұрын кірген азаматтар 270.00-нысанында табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) хабарлауынша, биыл 2,4 миллионға жуық қазақстандық “кіру” декларациясын тапсыруы қажет. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын 2,1 миллион жаңа қатысушылар болса, бірінші кезеңде небәрі 580 мың адам болған.

Алайда қатысушылардың ең көп саны жүйеге 2025 жылы енеді – 7,9 миллионнан астам адам, яғни әлі күнге дейін декларация толтырмаған елдің қалған ересек тұрғындары. Оның үстіне зейнеткерлер де, студенттер де, жұмыссыздар да қатысуы керек.

Нәтижесінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі шамамен 13 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс.

Осыған байланысты декларанттар 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда қандай мәліметтерді көрсету керектігін білуі қажет:

  • шетелде тіркелген мүлік: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, яхталар, автокөліктер, шетелдік банктердегі ақшалар, шетелдік компаниялардағы акциялар;
  • Қазақстанда және одан тыс тіркелген мүлік: тұрғын үй құрылысындағы үлес, бағалы қағаздар мен цифрлық активтер, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, сондай-ақ 10 000 айлық есептік көрсеткіш шегінен аспайтын мөлшердегі қолма-қол ақша (2024 жылы 36 920 000 теңге). Сондай-ақ қазақстандықтар басқа тұлғалармен несиелік шарттарды нотариалды куәландырып, декларациялауы керек.

Сонымен қатар құны 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) асатын басқа мүлікті, мысалы, үй жануарларын, өнер туындыларын немесе зергерлік бұйымдарды өз қалауы бойынша көрсете алады, тек декларацияны тапсырар алдында онынң құнын бағалату керек.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында жыл басынан бері 835,1 мың адам 250-нысаны бойынша активтері мен міндеттемелері туралы “кіру” декларациясын тапсырғанын атап өтті, яғни жаңа қатысушылардың жалпы санының 35 пайызы.

Бұрын қатысқандарға келетін болсақ, 2,8 миллион азаматтың 2 миллионы 270.00-нысан бойынша табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырып үлгерді, яғни қатысушылардың шамамен 71 пайызы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 270.00 нысанындағы декларация кейбір қажетсіз баптарды, оның ішінде төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын кірісті көрсету міндеттемесін алып тастау арқылы жеңілдетілгені белгілі болған.

Тег: ақшадекларацияқазақстандықмүліктабыс

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде банк жабылғанға дейін оны кім басқарады?

Елімізде банк жабылғанға дейін оны кім басқарады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz